ҰРПАҚТАРЫ АТАСЫН ІЗДЕП ЖҮР

469
Ұлы Отан соғысындағы май­дан­да азаматтарымыз басқын­шыларға қарсы қан кешті, Отаны үшін қиян-кескі жол­дар­дан өтті. Тылда да оңай болған жоқ. Барлығы ел үшін, жер үшін арпалысқан ерлердің аман-сау оралуын тілеп, күн демей, түн де­мей еңбек етті. Сол қан-қасап соғыс аяқ­талғанымен, біреулері ауыр жа­ра­қаттанып, екіншілері аяқ-қо­­­лынан айрылып елге оралып жат­ты.
Әлі де ата-аналар ұлдарынан, әйелдер өмір­лік қосағынан, ба­ла­лар әкесінен ха­бар күтіп, жар құ­ла­ғы жастыққа тиме­ген­­дері де бар еді. Күте-күте үмітін үз­бе­гендер сол күйі өмірден өтіп кете барған. Со­­­лардың бірі – Төрткүл ауыл ок­ругін­дегі Сы­па­таев ауылының тұр­ғындары Сыл­қымбек, Алмасбек, Беркінбек Жол­дас­беков­тер /су­рет­те/ май­дан­нан қайт­пай, із-түзсіз кет­кен атасы Жар­­қын­бек­тің, Салқын­бек­тің дере­гін іздеп жүр.
Бұрынғы Көк­төбе, қазіргі Сыпатаев ауы­лы­ның тұрғындары ерлі-зайыпты Жолдасбек қария мен Ұмсындық 3 ұл, 1 қыз тәр­биелеп өсірді. Олардың азамат болып ер жеткеніне іштей көңілі толып, тәубе ете­тін. 1921-жылы өмірге кел­ген тұңғышы
Жар­қынбек жастайынан елгезек болып өсіп, мектепте де озат оқушы атанған. Дәрігер болсам деп армандайтын. Жеті жылдықтан кейін Шымкенттегі ме­ди­циналық техни­кум­ғ­а қабылданып, фельдшер маман­­ды­ғын алып шықты. Еңбек жолын Шолақ­қор­ған ауылында бас­тады. Жастық шақ бірсы­дырғы кө­ңіл­ді өтіп жатты. Көңілге алған ар­ма­н­дары да же­терлік еді. Үйдің үлкені бол­ған соң, ата-ана­ға келін түсіріп беру де ойын­да бар. Ке­н­ет, неміс фа­шис­те­рі елі­мі­з­ге соғыс ашып, арманы орын­дал­ма­ды. Қа­тар­лас­та­ры Отан қорғау­ға атта­нып жатты. Жарқын­бек те өзі сұ­ранып ата-ана­ның рұқсатымен май­­дан­ға аттанды. Үлке­нінен 4 жас кіші Сал­қым­бек те зерек болып өсті.
Мектептен кейін Шым­кенттегі пед­тех­никумға оқуға түсті. Бітіре салысымен 1942-жылы ша­қырту алып, майданға кет­ті. Елде таңертең­нен түннің бір уа­ғына дейін тыным болма­ды. Ата-ана, 14 жастағы үйдің кен­жесі Орынбек /Оржай/, қар­шадай қыз Қан­шайым жұмысқа жегіл­ді. Бәрі майдан үшін. Со­ғыс жүріп жатты. Ел­дегі­лер­дің құлағы елең­деулі. Бәрі жа­қы­н­дары­нан хат-хабар күтеді. Алғаш­­қы­да Жарқынбек аман-саулығын білдіріп хат жазып тұрды.
Кеңес Ар­миясы
батысқа қарай фашистерді өз ұясына тықсыра қуып ба­ра жатқаны жайлы ес­тіл­­­ді. Тылдағылар «Е, Құ­­­дайлап» алапат со­ғыс­­тың соңы жеңіспен бітетініне күмәндан­бады. Бірақ, Жарқын­бектен хат-хабар күрт тиылды.
Салқын­бек­тен кеткелі бері хабар-ошар жоқ. Онсыз да денсау­лығында кінарат бар Жолдас­бек соғыстың ауыр зардабы қосылып, 30-ға жетпей өмірмен қоштасты. Ұм­сын­дық анаға сол кезде 14 жастағы Орынбек таяныш бола білді. Балалық, жігіттік шағы көппен бірге өтті. Соғыс аяқталып, қан-қасап майдан­да болған ел жігіттері оралып жатты. Жа­радар болған­дары да аман қалға­ны­на шү­кіршілік етті. Бірақ, Жол­дас­бек­тің екі ұлы­нан ешқандай хабар бол­мады. Кей­бі­реулерге қара қағаз – қа­ра­лы хабар әкелді.
Бұларға ең болмаса ол да жоқ. Ағаларынан әлі де күдер үз­беген Орынбек отбасын құ­рып, ба­ла­лы-шағалы болды. Ауыр еңбек­тен белі қайыспаған Ұмсын­дық ана да соғысқа кеткен ұлд­арынан үмітін үзбеді. 90 жас­қа қараған шағында дүниеден озды. Орынбек колхозда, кейін­нен кеңшарда шо­пан болып еңбек етті. Ел­дің әлеуе­тін арт­тыруға бір кісідей атса­лысты. Құ­дай берген 5 ұл, 1 қыз сүйді, тәр­бие­­ле­ді, оқыт­ты. Пер­зент­­тері де әкесін екін­­ші дүниесіне аттан­дырды.
Деген­мен, көңілдегі қаяу, соғыстан қайт­па­ған ата­ла­рына деген сағыныш не­ме­ре­­лерінен де арыл­мады. Олардың тағ­дырының қалай бол­ғанын іздестіру көңілден кетпеді. Дүние­жү­зінде, елі­мізде жаңа технологиялар ендіріліп, әр­­кім архивтерді ақтарып, қажетті мә­лі­мет алып жатты. Интернеттен із­де­ге­ніңді табасың. Жол­дас­беков­тер­дің ұр­пағы да интернетке жүгініп, ата­ла­рын іздей баста­ды. Олар осы құрылғыны ойлап тапқан­дарға рахмет айтады. Біртін­деп ата­ларының дерегі шыға бастады. Дегенмен, бәрі бірден орындала салған жоқ. Алдымен медициналық қызметтің лейтенанты шені бар Жар­қын­бек­тің 1943-жылғы 24-тамызда «За боевые зас­луги» медалімен наград­­талға­нын тап­қанда, көңілдерін қана­ғат­­танарлық сезім би­леген. Іздеу жалғаса берді.
Бір күні атасы­ның майдандағы жорық жолдары мен қай­тыс болғаны туралы ха­бар алды. Украи­на­дан бастап, Лат­вияда, Лит­в­ада, Польшада қан кешіп, майдан жо­лында Бер­линге дейін бар­ған. Командирі екеуі әскери блиндажға келе жатқанда жау оғы тиіп, Мәскеудегі гос­питальға жеткізіл­ге­німен, дәрігер­лер ажал­­дан құтқара ал­мап­ты. Одақ астана­сы­на жақын жердегі Камин облысы, Пустовин ау­­даны, Печурки дерев­ня­сында жер­ле­ніпті. Майдан­дағы ерлігі үшін «Қызыл жұл­дыз» орденімен ма­рапат­талған. Жолдасбе­­­ков Салқым­бектің тағ­ды­ры беймәлім бо­лып тұр. 1942-жылы май­дан­ға ат­тан­­ған­нан ха­бар-ошар жоқ. Жан-жақ­­ты ізденіс жал­ға­сып жатыр. Бір дерек та­былар деген үміт бар.
Беркінбек ЖАҚЫПҰЛЫ,
Қазақстан Журналистер одағының мүшесі.