АБЫРОЙ БИІГІНДЕГІ АЗАМАТ

406
Сәдуақасов Баймахан Қожатайұлы 1958 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы (бұрынғы Арыс) ауданы, Бөген ауылында дүниеге келген. Ы.Алтынсарин атындағы орта мектепті бітіріп, Фрунзе қаласындағы ауыл шаруашылық, Шым­-ке­нт қаласындағы М.Сапарбаев атындағы институттарында инженер-механик және заңгер мамандықтары бойынша білім алған.
Еңбек жолын Ақтау қаласындағы При­каспии Тау Металлургия комбинатында (ПГМК) аппаратшы, слесарь, жүргізуші болды. Әскери борышын өтеп келген соң бұрынғы жұмыс орнында меха­ник, бас механик, инженер, 1989 жылдан бастап жеке кәсіп­керлікпен айналысып, «Горизонт», «За­бира» өндірістік кооперативтерінің төраға­сы және «Дар и С» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің құрылтайшы-директоры қызметтерін 18 жыл атқарды.
2007 жылдан Ордабасы аудандық мәс­ли­хатының ІҮ-Ү-ҮІ шақырылым­дарының депутаты болып сайланды. 2007-2011 жылдары Ордабасы аудандық мәслихатының тексеру комис­сиясының төрағасы. 2011-2013 жылдары «Дар и С» жауапкершілігі шектеулі серік­тестігінің директоры, 2013 жылдан Орда­басы аудандық мәслихатының хатшысы, 2016 жылдан «Қазақстан мәслихат хат­шыларының бірлестігі» қоғамдық бірлесті­гінің төрағасы, 2016 жылдың наурызынан бастап Ордабасы аудандық Қоғамдық Кеңестің төрағасы болып сай­ланды.
«Об­лыстың Құрметті депутаты», Ордабасы ауданының «Құрметті азаматы» атақтары берілді. «Нұр Отан» партия­сы­ның ау­дандық Саяси Бюро мүшесі. «Нұр Отан» пар­тиясының Парламентаризм институты курсын алғашқылардың бірі болып бітірген.
2007-2013 жылдары «Нұр Отан» пар­тиясы Ордабасы аудандық филиалының партиялық бақылау комиссиясының төр­ағасы. 2005, 2011, 2015 жылдары Қазақ­стан Республикасы Президентін сайлауда аудандағы Президент штабының басшы­лығында болды.
2017 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен «Ерен еңбегі үшін» медалімен мара­пат­талды. 2010 жылдан бастап «Мәслихат және Әкімдік» депутаттардың және мем­лекеттік қызметкерлердің республикалық журналының штаттан тыс тілшісі, редак­циялық коллегия мүшесі. 2017 жылдан бастап «Тәуелсіз Қазақстан» респуб­лика­лық газетінің арнайы штаттан тыс тілшісі.
2020 жылдан бастап Қазақстан журналис­тер одағының мүшесі.
«Қазақстан Республикасы Тәуел­сіз­дігіне-20 жыл», «Қазақстан Республикасы Мәс­лихатына – 20 жыл», «Ордабасы ау­данына – 50 жыл», «Қазақстан Кон­сти­туциясына — 20 жыл», «Кәсіподаққа еңбегі сіңген қызметкер» төсбелгілерімен, Бауыржан Момышұлы атындағы «Батыр шапағаты», «Қазақстан Респуб­ликасы­ның Тәуелсіздігіне — 25 жыл», «Қазақстан полициясына — 25 жыл», Ордабасы ауда­нына 55 жылтолуына байланысты «Ау­данға сіңірген еңбегі үшін», «Қазақстан Республикасының мәслихаттына — 25 жыл», «Қазақстан Конституциясына 25 жыл», «Облысқа сіңірген еңбектері үшін» медальдарымен, бірнеше рет Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назар­баев­тың, Қ.Тоқаевтың Алғыс хаттарымен, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының төрағасы Д.Назарбаеваның, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруа­шы­лығы министрлігінің, «Нұр Отан» партия­сының «Кұрмет грамоталарымен», облыс, аудан әкімі, облыстық, аудандық мәс­ли­хаттарының грамоталарымен марапат­тал­ған.