АБАЙЫН ЕРТІП МҰХТАР ЖҮР

526
«Оңтүстік» телеарнасының ре­дак­торы Мұхтар Атабек пен те­леоператор Абай Құралбаев өткен жылдан бері осы теле­ар­наның Ордабасы ауданындағы мен­шікті тілішілері болып қыз­мет атқаруда. Бұл азаматтар Ор­даба­сы­да­ғы бар­лық оңды іс­терді эфирден жар­қыратып көр­сетуге атсалысып жүр.
Ауда­нымыздың жағымды жа­ңа­лық­тарын жалпақ жұртқа жа­риялап жүрген теле­арна тілшілерін БАҚ өкілдері ме­рекесі қарсаңында біз де өз оқыр­ман­да­рымызға таныстыра кетуді жөн көр­дік.
Абай Құралбаев — «Оңтүстік» те­ле­ар­на­сы­ның белді теле­опе­раторы. Темір­ланның тумасы. Қалың көрер­мен­нің көз­айымына айналған таны­мал бағдар­ла­малар осы Абай сынды білікті теле­опе­раторлардың еңбегі­мен түсіріледі. Тікелей эфир май­талманы.
Оның өміріндегі ерек­ше сәттердің бірі — былтырғы Шым­кент ТМД елдерінің астанасы атанған тұста Бе­ла­руссияның Брест қала­сына ба­рып, мә­дени астананың эста­фе­тасын қа­был­дап алу салта­натына қатысуы еді.
Мұхтар Орынтайұлы Атабек Бәйдібек ауданындағы Ақтас ауы­лында туылған. 1985-87 жылдары КСРО ІІМ ішкі әскері құрамында азаматтық борышын өтеген. 1993 жылы Әл-Фараби атындағы Қаз­МҰУ-дің журналистика факултетін бітірген.
Журналистік қызметін 1990 жылы рес­публикалық «Жас Алаш» газетін­де бас­тап, осы басылымның «Са­я­сат», «Заң» бөлімінде мең­геруші, парламенттік тіл­шісі және «Сү­зеген сөз» қосым­шасының редакторы болған.
ҚР Мемлекеттік Тергеу Коми­тетінің «Қылмыс пен жаза» — «Прес­туп­­ление и наказание» газетінде жауапты хатшы, Қазақ радиосының Астана студиясында Бас редактор, «Қ­а­­­зақстан» Ұлттық арнасы «Ауыл–аймақ» бағдарламасының ре­­дак­торы, сондай –ақ облыстық «Оң­­түстік Қазақстан» газетінде жауап­ты хатшының орынбасары болып қызмет атқарған.
2005 жылдан бері «Қазақ­стан–Шымкент» телеарнасында ең­бек етіп, «Жаңалықтар» қызметінде бас редактор, одан кейін теле­радиохабарлар дайындау бөлі­мінде шеф – редакторлық қыз­меттер атқарған.
ҚР Парламенті мен Жур­налистер Одағы сыйлықтарының иегері, Те­левизиялық «Дидар» фестивалінің лауреаты, «Астанаға -10 жыл», «Тәуелсіздікке -20 жыл» медаль­да­рымен марапатталған.
Қазақстан Республикасының Мә­дениет қай­раткері. Қазақ журна-лис­тикасының қайраткері,
Қазақстанның Құрметті жур­налисі, Бәйдібек ауданының Құр­метті азаматы.
Сонымен қатар, «Қазақстан» Ұлт­тық арнасы «Елден хабар» бағ­дарламасының 2017 жыл бойынша «Ең үздік тілшісі».
Шығармашылық салада бір­неше де­ректі фильмдермен қатар музы­калы-комедиялық «Масканың ма­шақаты», «Адасқан сый», «Мәс­саған, мынаны қара!», «Тауық пен сауық» және «Малтапқыш ма­лақай», «Әпен­дінің әлегі», «Ал­пыс­тан асқан аға­лар», «Әпенді болу – әп- сәтте» атты фильмдер түсір­ген.
«Телеарна тудырған тарих», «Созақтың Созақбайы» және «Жол­дар, бізді шақырыңдар!» атты кітап­тар шығарған қаламгер.
Нүридін ШӘМШІҰЛЫ