ОН ТӨРТ ЖАСЫНДА ЕҢБЕККЕ АРАЛАСҚАН

675
«Жақсының жақ­сылығын айт – нұры та­сы­­сын, жа­ман­ның жа­ман­­­ды­ғын айт – құ­ты қаш­сын», — де­ген­дей, ара­мыз­­да жүрген аб­зал азамат Жү­сі­пов Лес­бек Мұң­сы­­з­байұлы ту­ра­лы не білеміз? Жет­піс­тің бе­сеуі­не кел­ген Лес­бек аға туралы таң­нан-таңға дейін айтар жақсы да үлгілі істері же­терлік. Әйтсе де со­ның бірер па­ра­­сы туралы сөз етіп, келешек ұр­пақ­қа үлгі болсын деген ойым бар.
1946-жылы Темірлан ауы­лында өмір­ге келген Жүсіпов Лес­бек әкеден ерте ай­рылып, жетім­дік­тің азабын тартудай-ақ тарт­ты. Жетінші класты бітірген соң ауру­шаң анасының орнына қалқоздың қа­ра жұ­мы­сына жегілді. Темір­лан­дағы «Полезный труд» қалқозына жол­дама бойынша келген мал дәрігері Ақтаев Арзанбек Лесбек аға­ның анасы Еркеш апаның үйінде тұрды. Ана­сы сияқты ешкімді бөтенсін­бейтін мінезі бар Лесбек те ол кісіні жатсынған жоқ. Қар­шадай баланың қара жұмыстан қайысып жүргенін көрген Арзанбек аға сол кездегі қалқоз бас­тығына кіріп, Лесбекті мал дәрігеріне көмекші етіп та­ғайын­дауын сұранады. Он төрт­тегі жас балаға бұйрық шығаруға қалқоз бас­тығы И.И.Пусарев тәуе­кел ете ал­маған еді. Со­сын Лесбекті ерткен Арзанбек сол кездегі Тү­­р­кістан аумақтық бас­қар­масының бас­тығы Төлепбек Назарбековтің қабыл­­дауына ертіп барды. Оны қа­былдау бөл­месінде қалдырып, бастықтың алдына кір­ген Арзанбек әл­ден уақытта «мәселе ше­шілмеді» деп тұнжырап шықты.
Сыртқа шық­қан соң, одан бар мәселені Лесбек қояр да қоймай сұрап білді. «Он төрт­ке енді келген жас бала отар ара­лап жүріп, жұмыс ба­ры­сында аттан құ­­лап мертіксе, оған кім жауап бе­ре­ді? – деген басқарма басшысы бұл іске қарсы болыпты. Көңіл-күйі бұ­­зылып, ұн­жыр­ғасы түсіп тұрған Лес­­­­бекті не деп жұбатарын біл­мей:
– Сен мені осы жерде күте тұр. Мен тағы бір шаруалармен анау кең­сеге кіріп шығайын, – деген Арзан­бек аға бұның қасынан кет­кен­де, өжет­тенген Лесбек «нар тәуе­кел» д­е­­гендей манағы бастықтың каби­нетіне хатшысының рұқса­тын­сыз кіріп барды. Өзіне тайсалмай қарап:
– Ағай, айтыңызшы! Баласының аттан құлағанына өзгені кінәлаған қай қазақты көріп едіңіз?! – деді өжеттене сөйлеп. Бұған үн-түнсіз ұзақ қараған Т.Назарбеков әлдебір ойға шомып кеткендей біраз отыр­ды. (Арада көп жылдар өткенде ол кісінің естелік кітабын оқыған Лес­бек, бұл ағаның да он үш жасында қ­а­ра жұмысқа жегілгенін білді. Сірә өткен күндері есіне түсіп отырса керек.)
Әлден уақытта қоңы­рауын басып, хатшы­сын шақырған көпті көрген аға Лесбекті жұ­мысқа қа­был­дау жөнінде бұйрық шығартты. Мөр ба­сылған бұйрықты қал­тасына сал­ған Лесбектің кө­ңілі көкте болатын. Манағы жерде біраз күткен ол, көп кешікпей келген Арзанбекпен бірге Темір­ланға қарай қайтты. Жолда келе жатқанда қуанышы қойнына си­маған Лесбек бұйрықты Ар­занбекке көрсетті. Оны оқып көріп:
– Мәссаған, керек болса! Ой, бала, бұ­ны қалай, қайтіп алдың?! – деді таң­данысын жасыра алмай. Болған жағдайды естігенде:
– Ол кісінің алдына анау-мынау адам батылы барып кіре алмайды. Ал сенің мына ісің, адам сенбестей тірлік болған екен, – деді ризалық білдіріп. Ертеңіне Т.Назар­беков­тің бұйрығын алған қалқоз бастығы И.И.Пусарев сөзге келмей Лесбекті мал дәрігеріне көмекші етіп, мініп жүруі үшін бір ат берді. Қалқоздағы барлық аттың мінез-құл­қына бұрыннан қанық Лесбек көзінің құрты болып жүрген жирен қасқаға құрық салып мініп алады. Осы­лайша меншігіне тиген атқа мінген боз­бала, өзге құрдаста­рынан мәр­тебесі биік сияқтанып жүретін. Мал дәрігеріне көмекші болған кездерін еске алғанда Лесбек аға күліп:
– Бір жолы «жоғарғы ауылдағы мал фермасында бұзаулар әлдебір науқастан ауырып жатыр, — деген хабар бойынша мал дәрігері мені сол жаққа жұмсады. Елу шақты бұзаудың ішінен қызуы көтеріліп, ауырып тұрғандарын қалай анық­тасам екен деп біраз тұрдым. Қолымдағы градусникті бұзаудың қай жеріне қою керек екенін де сұрамаппын-ау деймін ғой баяғы. «Кейінірек барамын» деген мал дәрігері болса әлі жоқ. Сосын тәуекел деп бұзаулардың маңдайы мен қолтығынан ұстап көріп, қызуы бар дегендерін басқаларынан бөлектей бастадым.
Көңіліме күдікті көрінген бес-алтауын оқшаулаған кезімде атқа мінген мал дәрігері Козоренко Владимир да келіп жетті-ау ақыры. Ол мен оқшаулаған бұзауларды тексеріп көріп, «моло­дец, қазақы тәуіп те біраз нәрсені біледі екен» деген еді күліп, – дейді.
\Сабақты қойып кеткенімді көр­ген сол кездегі мектеп директоры Әсет Балабиев мені қоярда-қоймай кешкі мектепке әкеп отырғызды. Күндіз жұмыста болсам, кешке са­бақта болдым. Мектепті өз құр­дас­та­рым­нан кештеу бітіргенімнің себебі осы еді.
Осы жылы онбір жылдық жабылып, мектепті онын­шы клас­тағылар мен онбірінші клас­та­ғылар қатар аяқтады. Осы жылы тұңғыш рет өт­кізілген аудандақ «Коммунизм таңы» га­зетінің жүлдесі үшін болған қазақша күреске қа­тысқан Лесбек өзімен белдескен бес па­луанды да жығып, ауданның алғашқы чем­пионы атанды. 1966-жылы отба­сымен Созаққа көшіп ке­ліп, мек­тепте аға тәлімгер болып еңбек етті. Келесі жылы Ал­маты­дағы Абай атындағы мем­лекеттік педа­гогика­лық институтқа оқуға түсіп, оны бітіргесін әскери боры­шын өтеді. Орта мектепте мұғалім, аудандық оқу бөлімінде кадр жөніндегі әдіскер, инспектор және әдіс­те­мелік кабинет меңге­рушісі болып қызмет іс­теді. 1984 – 1988 жылдары Бөген ау­дан­дық атқару комитеті ұйым­дас­тыру бөлі­мінің меңгерушісі қызметін атқарды.
Осы қызметке тағайын­далар ал­дында облыстық атқару комитетінің сол кездегі төрағасы Жандосов Санжар Оразұлының қа­был­дауын­да болға­ны бар. Екеуара болған әң­гімеден соң кабинеттен шығып бара жатқан Лес­бекке қарап, «Сен бала волей­бол ой­науға қалай­сың?! – деді сыр тартып. Инсти­тут­тың волейбол ко­ман­­да­сының құра­ма­сында ой­нағанын айтқан бұған сынай қарап:
– Жарайды, ондай болса әлі кездесеміз, – деген лауазымды ағаның қандай оймен айтқаны бұған түсініксіздеу болатын. Арада біраз күн өткенде:
– Сізді бастық шақырып жатыр, – деген хатшы қыздың сөзінен соң райкомның бі­рінші хатшысының алдына барды. Каби­нетіне кірген Лесбекке:
– Сен мына кісіні танисың ба? – деді елулердегі кісіні меңзеп. Бұның:
– Жоқ, танымаймын, – деген сөзінен соң ол кісіні таныстырған бастығы өзін обл.­исполкомның төрағасы шақыртып жатқанын айт­ты. Есік алдында тұрған обл.­испол­ком­ның «волгасын» таныған сол жердегілер «бұл не бүлдірді екен?» дегендей бұған таң­дана қарайтын сияқты. «Волгаға» отыр­ғанда жүргізуші Лесбекті Санжар Жандо­сов­тың волейбол ойнауға өзі шақыртып жат­қанын айтты. Үйіне соғып, спорттық киім­де­рін алған Лесбек көп ұзамай Бадамда во­лейбол ойнап жатқан «үлкен бас­тықпен» бірге қызу ойынға кірісіп кет­ті. Санжар Жандосов волей­болдың нағыз хас шебері екен. Лесбектің көтеріп берген добын екі қолымен де қақырата ұратынына таң қалмау мүмкін емес еді. Бұның да ойынына ол кісі ризалық біл­дірген.
Бөген ауданы Арыс қаласына қосылған кезде, қалалық атқару ко­митетінің жалпы бөлім меңгерушісі қызметіне тағайындалған.
Міне, осы кезде Мәскеудің шалағай тірлігіне көзі ашық Лесбектің реніші ашу-ызаға айнала бастаған еді. Өйткені, шағын қала Арыста Темір­ланнан баратын түрлі меке­мелерді орналастыратын баспана да жоқ болатын. Атап айтсақ: 1.Ауыл ша­руашылығы бас­­қар­масы. 2.Ста­тис­тикалық бөлім. 3.Мем­лекеттік сақ­тан­дыру мекемесі. 4. Аудандық бай­ланыс жүйесі. 5. Ауыл шаруашылық кәсіп­одақтар ұйымы амалсыздан Темірлан­ның өзінде қал­дырылған. Аудан аймағынан әлдеқайда шет жердегі Арысқа бару үшін де қыз­меткерлер көп қиналып жүрген еді. 1989 жыл­дың ақпан айында марқұм Жолбарыс Сарбасов жүрегінің оты бар деген Жүсіпов Лесбекпен ақылдаса келе, біраз азаматтардың басын қосып, ауданды қайта қалпына келтіру туралы мәселе көтерді. Жол азабынан әбіржіген халықтың мұң-мұқтажын түсінген көзі ашық азаматтар бұл істі қуана қоштады.
Наурыз айында Арыс қаласында өткен үлкен жиында Ж.Сарбасов осы мәселені көтеріп, сол үшін үлкен сынға ұшырады. Әйтсе де өз істерінің дұрыстығына сенген белсенді жандар сәуір айында ресми түрде «ынталы топ» құрды. Ынталы топқа кірген азама­т­тар­ға ау­данның әлеуметтік-эко­-номи­калық мәсе­лесі жөнінде ег­жей-тегжейлі көрсетілген құ­жаттар дайындау Бай­шымыров Нұрғалиға, Нұ­ғы­ма­нов Қа­был­мәжитке, Кен­баев Мың­байға және Жүсіпов Лес­бекке жүк­телді. Бұл аралықта «мен­мін» деп кеуде көтерген кейбір аза­мат­тар мына істің келешегінен күмән­да­нып, «жоғары жаққа жек­сұрын бол­ғысы келмей бұғып қал­ған» бола­тын.
Мұражайдан қажетті құжат­тарды кө­теріп, ауданның кешегісі мен бүгінгісін әзірлеу барысында Лесбек көп еңбек сіңірді. Осы жылдың тамыз айында қолдарында барлық мәліметтері бар ынталы топ мүшелері Қа­зақстанның ми­нистр­лер кеңесі төрағасының бірінші орынбасары Евгении Башмаковқа келді. Бұл топтағы Жолбарыс Сарбасов, Тастемір Әбдірайымов, Камал Са­лыбеков, Байзақ Нау­рызбаев, Дашо Ахметов бо­ла­тын.
Қолдарындағы нақты мәлі­меттерді көр­сете отырып, аудан­ның Темір­лан­ға қайта келуін дәлелдеген жандарға қарсы ми­нист­р­л­ер кеңе­сіндегілер уәж айта алмаған еді. Осылайша 13 тамыз күні Бөген ауданын қалпына кел­тіру туралы Қазақстан Ми­нистр­­лер Кеңесінің жарлығы шық­ты.
Арада біраз жыл өткенде «Бөген ауданы біздің қайтпас қайсарлығымыз бен өжет­ті­гіміз­дің арқасында қайта қалпына кел­тірілді» дегенді жарнамалап жүр­ген­дерді көр­генде Лесбек аға шы­дап тұра ал­майды. Өйткені кезінде ол адамдар, лауа­зымды қыз­ме­тінен айрылып қалмауды ойлап, сол кездің тілімен айтқанда «стол­дың астына кіріп кеткендер» болатын. Өздерінің сол жыл­дар­ғы ісін қанша дәріптегісі келмесе де, Ілекеңе біраз нәрсені баспасөз бетінде ашып көрсетуге тура келген еді.
Қазіргі күндері зейнетке шық­қан Жүсіпов Лесбек аға қоғамдық жұмыстардың бел ортасында жүрген абзал азамат.
Еңбегі еленіп, түрлі марапаттар мен алғыс хаттарға ие болған жан Қажымұқан ауыл округі арда­гер­лер кеңесінің төрағасы. Ауданның «Құрметті азаматы» атанған Іле­кең 1984-1990-жылдар ара­лы­ғында халық де­путат­тары аудан­дық кеңесінің депутаты болып сай­ланған. Қай кезде де жақсы іс­тердің бас­таушысы болып жүретін Лесбек ағаның ұсы­нысымен 2013 жылдан бастап бұл аймақта «қа­залы үйден» ас бермеу мәселесі біржола шешілген. «Күштілігіңді көрейін – өзгені қуантшы» де­гендей, Лесбек аға өзінің 70-жыл­­дық тойында аудан бойынша волей­бол­дан және кіші футболдан жарыс өткізіп, спорт сүйер қауым­ның ерекше қошеметіне бөленді. Жарыс жеңімпаздарына кубок пен бағалы сыйлықтар тарту етілді. Лесбекті ерекше құр­меттеген жер­лестері де оған шапан жауып, ат мінгізді.
Жүсіпов Лесбек Мұңсыз­бай­ұлы туралы:
Та­нытып еңбегіңмен сан қырың­ды,
Жақсыға шашу еттің жан нұрыңды.
Бөленіп құрметіне қалың жұрттың,
Арнадың еліңе сен тағдырыңды.
Қалыбын адамдықтың бір бұзбадың,
Ұяңнан түлеп ұшты ұл-қыздарың.
Өзіңнен өркен жайып, өнеге алған,
Тілейді Сізге бақыт жұлдыз­да­рың, – деген марқұм Талғат Ор­мановтың арнауы да көп нәрседен хабар беріп тұрғаны ақиқат. Жетпістің бесеуіне келген асыл ағаға айтар алғысымыз шексіз. Сізден өрбіген перзенттеріңіздің алар асуы бұдан да жоғарылап, елдің мақтанышына айнала бер­сін, – деп Алладан тілейміз.
Бөріхан ТӘМЕН,
Қазақстан Журналистер және Халықаралық Жазушылар Одақтарының мүшесі.