Ерлік пен батырлық көрсетті

780
Кеңес Одағының батыры Қарсыбай Спатаев Сталинград шайқасында асқан ерлік пен батырлық көрсетті. «Красный герой» ұжымшарының маңында болған ұрыста жаудың бір взводқа жуық жаяу әскерін жойып жіберді. Шарнумовский елді мекені түбінде Спатаев минометімен 36 танкімен айкасқа түсті. Техника жағынан басым жау қорғаныс шебін бұзуға ұмтылды. Шайқас барысында қасындағы минометтері істен шығып, Сыпатаев қолында қалған жалғыз минасымен танкінің астына құлады. Міне, осы батыр Ордабасы топырағында дүниеге келген.
«Отан-Ана шақырады» деген ұранмен майданға аттанған батыр ұлдың соңында қарт анасы, жары мен дүниеге жаңа келген қызы қалып еді.
Ұлы Жеңістің 76 жылдығына орай бүгін Жастар орталығында асылдың сынығы, тектінің тұяғы Қарсыбайқызы Нағимамен тағылымды кездесу өтті. Аудан әкімінің орынбасары Оралбаев Азат сексенді еңсерген әжеге аудан әкімінің құттықтауын жеткізіп, сый-сияпат тапсырды. Сонымен қатар, жастарға бүгінгі бейбіт заманның игіліктері туралы айтып, аға буынның ұлтжандылығы бүгінгі ұрпаққа аманат екенін жеткізді.
Спатаев Берік өз сөзінде батыр жерленген елге сапарынан естелік айтып, соғыс зардаптарын тілге тиек етті. Жастар ұлағатты әңгімелерге ұйып, жүрекжарды лебіздерін жыр жолдарымен әрледі.