Әлішер Сатыбалды, Түркістан облысы ҚХА жанындағы журналистер мен блогерлер клубының мүшесі: “ЭТНОСАРАЛЫҚ МӘСЕЛЕГЕ ҮН ҚОСТЫМ..”

457

Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің кеңейтілген отырысына қатысып, сөз жоғары мінберден сөз сөйлеу бақытына ие болдым. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Естайұлының облыста этносаралық мәселелерді жүзеге асырылуы бойынша мәлімдемесіне үн қосып, 30 жылдық мерейтойын тойлап жатқан «Жанубий Қозоғистон» газетіміз туралы баяндап, халқы тығыз қоныстанған оңтүстіктен солтүстік облыстарға көшу тақырыбын қозғадым. Әсіресе жастарды өзге өңірлерге тарту бойынша жеңілдіктерді көптеп қарастыру қажеттігін, бюрократиялық тосқауылдарды жоюдың маңыздылығын айттым. ҚР Президенті, Ассамблея Төрағасы Қ.Тоқаев Түркістан облысындағы атқарылған жұмыстарға жоғары баға беріп, облыс орталығынан жаңа Достық үйін салуды ұсынды. Осы орайда бұл жолғы кеңес отырысының өте жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын, салмақты мәселелердің көтерілгенін және алғаш рет тікелей эфирде берілгенін ерекше атап өткім келеді.
Ендігі кезекте Президент көтерген тапсырмаларды жүзеге асыру міндеті тұр.