ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРІЗІЛУДЕ

454

Сауран ауданы бойынша этносаралық татулықты нығайту мақсатында аралас мектептерде ауданы әкімінің орынбасары С.Садибаев пен Сауран ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы А.Батырбекованың бірлескен іс-шара жоспарына сәйкес, бекітілген кестеге сәйкес үгіт-насихат жұмыстары тұрақты жүргізіліп келеді.

Ағымдағы жылдың 9 қараша күні алдымен Шорнақ ауылдық округі Қызыл Әскер жалпы орта мектебінен бастау алған жиын Шорнақ, Т.Айтжанов, Қарашық, Тұран, Шыпан, А.Югнаки, №1 жалпы орта мектебі, Иқан, №25 жалпы орта мектебі, Х.А.Яссауи, Ескі Иқан жалпы орта мектептерінде кездесулер өткізілді.

Шараға Сауран аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы М.Құлымбетов, Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ Сауран аудандық филиалының басшысы И.Әжіхан, Жастар ресурстық орталығының әдіскері С.Қалжан қатысып, күн тәртібіндегі мәселелер бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Жиынға қатысшылар бүгінгі таңда әлемдік саясатта еліміздің өз орны болуы, экономикасы жылдан-жылға тұрақты дамуға бағыт алғаны, әлемдегі жаһандану процесінің арнасын таба бастағаны, халықтың татулығы мен елдігі саяси тұрақтылықтың арқасы екенін жеткізді. Сонымен қатар, ынтымағы мен бірлігі ұйыған елдің тұғыры әрқашан биік, баянды да ғұмырлы, бейбітшілік бәріміздің де басты мұратымыз екенін атап өтті. Ең бастысы, көп ұлтты Қазақстандағы ұлтаралық, дінаралық келісім мен татулық-халқымыздың әл-ауқаты жақсаруының, ел экономикасы өркендеуінің басты кепілі болмақ.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жүргізіп отырған саясатының арқасында татулықты ту етіп келеміз. Президенттің халық асыға күткен жыл сайынғы Жолдаулары да елімізде тұрақтылықты орнықтыра түсуге бағытталып отырғаны белгілі. Бұл ретте аудан тұрғындарының Мемлекет басшысының Жолдауынан туындайтын асыл мұраттарды іс жүзіне асыру жолында қажырлы ісінің үлгісін танытып, уақыт тынысына сай еңбек етіп жатқанын баршаға аян.

Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі