АССАМБЛЕЯ ТАТУЛЫҚТЫҢ ТҰТҚАСЫ

619

2021 жылғы 21 қазанда Қазақстан Республикасының Президенті, ҚХА төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті.
Отырыс барысында Қазақстан халқы Ассамблеясы XXIX сессиясының шешімдерін және Мемлекет басшысының «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру тұрғысынан Қазақстан халқы Ассамблеясы мен мемлекеттік органдардың басты міндеттері талқыланды. Ассамблея бірыңғай азаматтық ұлт құруға, қазақстандықтарды әлеуметтік-мәдени, қоғамдық және білім беру процестеріне кеңінен тартуға бағытталған жаңа тәсілдерді енгізуді жалғастырып жатқандығы атап өтілді.
Басқосуда Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев өңірдегі Қазақстан халқы Ассамблеясының үйлесімді этносаралық қатынастарды нығайту жөніндегі қызметі туралы айтып берді. Өңір басшысы облыста 50-ге жуық түрлі этнос өкілдері тұратынын, бұл, облыс халқының 25 пайызын құрайтынын айта келе, тұрғындар үшін мәдениет пен дәстүрді дамытуға барлық қажетті жағдайлар мен инфрақұрылым жасалғанын тілге тиек етті.
Президент этносаралық негізде кемсітушілік пен жанжалдарға жол бермеу, арандатулар мен Қазақстандағы этносаралық бейбітшілік пен келісімді тұрақсыздандыру әрекеттерін болдырмау қажеттігіне назар аударды. Мемлекеттік органдар мен әкімдіктерге Аналар кеңесі мен Ассамблеяның жастар қозғалысының қызметіне, интернеттегі заңнамаға қайшы контентпен күрес, кибербуллингке қарсы іс-қимыл жөніндегі азаматтық бастамаларға жан-жақты қолдау көрсету тапсырылды.
Жалпы алғанда елімізде тұратын этностар тату-тәтті өмір сүріп келеді. Бұл республикадағы этноасаралық татулық пен қоғамдық келісімді сақтау бағытындағы жүйелі жұмыстардың арқасында деп ойлаймын. Алдағы уақытта да осы бағытта ауқымды жұмыстар атқарылатынына сенімім мол.

Ю.Султанов,
Түркістан облысы «Парвиз» тәжік этномәдени бірлестігінің төрағасы.

Тағы да оқыңыз...