СОТПЕН ӘКІМШІЛІК ҚАМАУҒА АЛЫНҒАН 3 314 ТҰЛҒАНЫҢ ІШІНЕН ТЕК 63-і ҚАМАУДА ҚАЛУДА
Қазіргі уақытта прокурорлардың өтініштері бойынша қамауға алудан 1 149 адам босатылды, 577 іс бойынша айыппұлдар ескертулерге ауыстырылды, 393 әкімшілік іс құрамы болмауына байланысты толығымен тоқтатылды. Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Бас прокуратурасы 1-қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов осындай мәліметтерді келтіріп өтті.
Осылайша, сотпен әкімшілік қаумауға алынған 3 314 тұлғаның ішінен тек 63-і қамауда қалып отырғанына назарларыңызды аударғым келеді. Бұл ретте прокурорлардың әкімшілік жазаны жеңілдетуге арналған тағы 13 өтінішхаты соттарда қаралуда. Жалпы, ағымдағы жылдың 25 қаңтарындағы жағдай бойынша жедел-тергеу топтарының өндірісінде 2 044 қылмыстық іс бар. Осы істер бойынша 898 күдікті ұсталған. Олардың ішінен 802-сі сот санкциясымен қамауға алынды, 50-іне үй қамағы, ал 21 тұлғаға кепіл, 12-не ешқайда кетпеу қолхаты тағайындалды, 13-і бойынша бұлтартпау шарасы туралы сұрақ қаралуда.
Айта кетейік, прокуратура органдары қайғылы оқиғаларды тергеу кезінде заңдылықтын сақталуын қамтамасыз етеді.