ТӘЖІРИБЕ ЖИНАП, ТҰРАҚТЫ ЖҰМЫСЫН ТАПҚАН ШЫМКЕНТТІК ЖАСТАР
Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес,
жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейін төмендету мақсатында биыл «Жастар практикасы» бағдарламасының мерзімін 12 айға, ал жалақысын 30 АЕК-дейін көтеру жоспарланған болатын, осыған орай Шымкентте 2500-нан астам жас аталған бағдарламаға қатысып, нәтижесінде 1283-сі қаладағы түрлі мекемелер мен кәсіпорындарда тұрақты жұмысқа орналасты.
Сондай жастардың бірі — Тағаева Назерке Нұрланқызы. Ол 2019 жылы М.Әуезов атындағы ОҚМУ –да «Құқықтану» мамандығы бойынша білім алды. Оқу бітірген соң, қалалық халықты жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз ретінде тіркеліп, өз мамандығы бойынша ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментініне 6 ай мерзімі бойынша жастар тәжірибесіне жолданды. Өзін тәжірибелі жас маман ретінде көрсетіп, кейінен департамент тарапынан ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Шымкент қаласы бойынша департаментіне тұрақты жұмысқа орналасты.
— Қазір мемлекеттік бағдарламаның тиімділігін сезініп, расында да жастарға уақытша жұмыстан тұрақты жұмысқа орналасуға мүмкіндік бар екендігін айта аламын.Бүгінде мен Шымкент қаласының статистика департаментінде заң бөлімінде жетекші маман ретінде қызмет атқарамын-дейді қала жасы.
Аталған департаментте дәл осылай мемлекеттік бағдарламаның арқасында тұрақты жұмысқа орналасқан жастардың бірі –Ержан Бексұлтан. М.Сапарбаев атындағы ОҚГИ «Экономист» мамандығы бойынша білім алған қала тұрғыны 2019 жылы статистика департаментінде жастар практикасынан өтіп, кейінен тәжірибеден соң сол мекемеде тұрақты жұмысқа орналасты. Қазіргі таңда персоналды басқару бөлімінде бас маман ретінде қызмет атқарады.
Жалпы,«Жастар практикасы» уақытша жұмыс орны болып есептелінеді. Аталған бағдарламаға 29 жастан аспаған «жұмыссыз» мәртебесі бар және соңғы үш жыл ішінде (2020,2021,2022ж) жоғарғы оқу орындары мен колледждердің техникалық және кәсіби білім түлектері қатыса алады.
Жалақысы 25 АЕК (76 575 тг) құрайды.