ҚҰРМЕТТІ ОБЛЫС ТҰРҒЫНДАРЫ! АНТИКОР ЕРІКТІ БОЛУҒА ШАҚЫРАДЫ
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ВОЛОНТЕРЛІК» жобасының еріктісі болуға шақырады.
Жобаның мақсаты — белсенді азаматтарды, қоғамдық бірлестіктерді, жеке және квазимемлекеттік сектор субъектілерін, сондай-ақ басқа да ұйымдарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларға ерікті ретінде тарту болып табылады.
Жоба аясында сіз келесі бағыттар арқылы жемқорлыққа қарсы күресте көмек көрсете аласыз:
— Қоғамдық бақылау;
— Сыбайлас жемқорлыққа қарсы зерттеу және ағарту;
— Pro bono волонтерлік (кәсіби көмек көрсету);
— Корпоративтік еріктілік.
Жобаға қатысу үшін Түркістан облысы бойынша Ссыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментіне хабарласу қажет.
Мекен-жайымыз: Түркістан қаласы, Тәукехан даңғылы №100
Эл.пошта: prv.tko@antikor.gov.kz
Тел: +7(72533)26932, +77017877585
https://www.gov.kz/…/antico…/documents/details/502384…