ЖАН БАСЫНА ҚАРЖЫЛАНДЫРУ МЕКТЕП ТАПШЫЛЫҒЫН АЗАЙТАДЫ

409

Жан басына қаржыландыру тетігі — бұл инвесторлардың қатысуымен жекеменшік мектептер санының өсуіне әкеледі. Бұл жүйе арқылы мектепке деген тапшылықты азайтатын боламыз. «AСADEMY OF GOLDEN KIDS» атты жекеменшік мектептің құрылысымен танысу барысында қала әкімі Мұрат Әйтенов осылай деді.

«Шымкент қаласында жекеменшік мектепке сұраныс артып келеді. Биыл пайдалануға берілетін 11 мектептің есебімен жекеменшік білім мекемесінің саны 62-ге жетеді. Жеке мектептер санын көбейту мемлекет үшін, бюджетке түсетін жүктемені төмендетуге, орын тапшылығын азайтуға, білім сапасын жақсартуға және педагог мәртебесін арттыруға мүмкіндік береді. Ал, инвестор үшін тұтыну кепілдігі бар табысты әрі ұзақ мерзімді бизнес жоба»,-деді қала басшысы.

Достық шағын ауданында салынып жатқан мектеп 1045 оқушыға шақталған. Заманауи үлгіде білім ошағында барлық қажетті құрылғымен қамтылған физика, химия, биалогия кабинеттері, бір спорт зал, екі спорт алаңы, кітапхана, АКТ зал, шеберхана мен медкабинет және асханамен қамтылады.