«ҚАЗАҚ АНАЛАРЫ — ДӘСТҮРГЕ ЖОЛ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖОБАСЫНЫҢ КОНЦЕРТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ ҰСЫНЫЛДЫ

563

Қала күніне орай «Қазақ аналары — дәстүрге жол» республикалық жобасының мерекелік іс-шарасы өтті. Ұлттық салт-дәстүрлерді ұрпақтан ұрпаққа жеткізуді мақсат еткен жобаның мерекелік концерттік бағдарламасы Абай ауданы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылды.
Шымкент қаласы Абай ауданы әкімінің орынбасары Е.Заңқоев мұндай жаңа бастамалардың жастарға берері мол екенін, тағылымды жобаларды қолдауға әркез дайын екенін жеткізді.
Республикалық жобаның Шымкент қаласы бойынша филиалы биыл
наурыз айында құрылған болатын. Жобаның негізін қалаушы Айнұр Жүгінісова көпшілікті қала күнімен құттықтап, авторлық әндерін тарту етті.
Іс-шарада ұмыт қалған салт-дәстүрлерімізден көрініс көрсетіліп, келіннің бетін ашу, тұсаукесер және тағы басқа дәстүрлеріміз дәріптелді.
«Қазақ қыздары» ұлттық киімдерінен дефиле және балалар киімдерінің үлгісі көрсетілді.
Сондай-ақ, қолөнер шеберлері мен студенттердің қолөнер бұйымдарының көрмесі ұйымдастырылды.
«Шымкент келбеті» – Тағабай ҚАСЫМОВ