ҚАЛАДАҒЫ ЕҢ КӨНЕ МЕКТЕПКЕ ЖАҢА ОҚУ КОРПУСЫ САЛЫНУДА ЖӘНЕ ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ӨРТ ДЕПОСЫ САЛЫНУДА

367

Қала әкімі Мұрат Әйтенов М.Х.Дулати атындағы №8 мектеп-гимназиясында болып, қосымша салынып жатқан оқу ғимаратының құрылыс жұмыстарын тексерді.

Білім мекемесінің іргетасы осыдан 147 жыл бұрын қаланған. Бүгінде мектептің кей аумағы көнеріп, санитарлық талап пен өрт қауіпсіздің талабына сай емес екені анықталды. Осындай олқылықтың орнын толтыру мақсатында қосымша оқу корпусының құрылысы жүргізілуде.

Жаңа ғимарат 1 100 оқушыға лайықталған. Одан бөлек жобада 250 орындық АКТ залы, спортзал, 20-30 мың кітап қорына арналған кітапхана және 20 оқу залы және 320 орындық асхана қаралған. Құрылысы өткен жылдың маусым айында басталған. Пайдалануға беру мерзімі 2023 жылға жоспарланып отыр.

М.Х.Дулати атындағы №8 мектеп-гимназиясы Шымкент қаласындағы ең көне мектеп. Бүгінде оқушыларға үш тілде білім беретін мамандандырылған гимназияға айналған.

Аталған гимназия 2021 жылы Қазақстан бойынша үздік «100 олимпиадалық мектептер» тізіміне енген. Қала әкімі тек үздіктерді тәрбиелеп отырған мектептің қосымша ғимаратпен толығуы білімді жастардың көбеюіне жол ашатынын атап өтті.

ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ӨРТ ДЕПОСЫ САЛЫНУДА

Шымкент қаласы Түркістан көшесі бойында жаңа өрт сөндіру депосы бой көтеруде. Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов нысанның құрылыс жұмысымен танысты.

Қаладағы №3 өрт сөндіру бөлімінің құтқарушылары өз қызметін 70 жыл бұрын салынған ғимаратта атқарып келген. 2020 жылдың сәуір айында сарапшылар қорытынды жасаған еді – Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің №3 өрт сөндіру бөлімінің архитектуралық құрылысы бұзылатынын мәлімдеген.

Бұл ғимараттың 1938 жылдан басталатын үлкен тарихы бар. Дәл сол кезде учаске бөлінген болатын. Содан кейін мұнда тәуелсіз әскерилендірілген өрт сөндіру бөлімі пайда болды. 80-ші жылдары бұл қаланың өртке қарсы қызметінің орталық пункті болды.

Бүгінде №3 өрт сөндіру бөлімінде 62 қызметкер қызмет атқарады. Тозығы жеткен ескі сәулет ғимараты қала тұрғындарына жақсы қызмет етті.  Бұл өрт сөндіру бөлімі қаланың орталық бөлігін қорғауға ыңғайлы.

Сондықтан жобалау-сметалық құжаттаманы дайындау кезінде бұл ерекшелік басты назарда болды. Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен ең маңызды мәселелердің бірі – қалалық өрт сөндіру қызметінің материалдық-техникалық базасын жақсартуы шешіліп келуде.

Құрылысы осы жылы басталған нысан 2023 жылдың соңында пайдалануға берілмек. Құрылыс жұмысы аяқталса, қаладағы ең көне сәулет ғимараттарының бірінің орнында №3 өрт сөндіру бөлімінің жаңа заманауи ғимараты пайда болады. Жаңа корпус барлық нормативтік талаптарға жауап береді.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі