ТҮРКІСТАН: КОНСТИТУЦИЯ КҮНІ МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ 8 МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

423

Түркістан облысының өңірлік коммуникациялар қызметінің ұйымдастыруымен «30 тамыз ҚР Конституция» күніне орай брифинг өтті. Брифингке Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының басшысы Өсербаев Аңсар Жаңабайұлы және Түркістан облыстық мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Темірхан Асылхан Темірханұлы, сонымен қатар БАҚ өкілдері қатысты.

Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының басшысы Аңсар Жаңабайұлы Конституция күніне орай апта бойына облыс орталығы мен аудандарда, ауылдарда жүздеген мәдени, көпшілік шаралар өткізілетіні туралы, барлық өңірлерде «Мектепке жол» акциясы жалғасын тауып, сонымен қатар жаңа мәдени көпшілік нысандар пайдалануға берілетіні туралы хабарлады.

«Мереке қарсаңында облыс аумағында бірқатар әлеуметтік нысандар пайдалануға берілуде. Атап айтқанда,Түркістан қаласында 67 метрлік бассейні бар ашық аспан астындағы демалыс орталығы ашылды.Сондай-ақ, балалар ойын алаңшасы мен стритворкаудпен жасақталған «Төле би» саябағы мен «Денсаулық саябағы» пайдалануға беріледі. Қазығұрт ауданында 27 тамыз күні биіктігі 45 метрлік Мемлекеттік тудың ашылуы болса, Сарыағаш ауданында 390 орынды заманауи үлгідегі зияткерлік мектебі бойы көтерді.

Сонымен қатар, Бәйдібек, Түлкібас, Сарыағаш, Келес, Мақтаарал, Ордабасы, Шардара аудандарында 8 мектеп пайдалануға беріледі», деді басқарма басшысы.

Түркістан облыстық мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Асылхан Темірханұлының айтуынша, өңірдегі мәдени мекемелер мен кітапханада «Ата Заңым–айбыным», «Ата Заңым –алтын діңгегім», «Конституция-кемелдік кепілі» айдарымен мәдени көпшілік шаралар өткізілетін болады. Брифинг спикерлерінің айтуынша «30 тамыз ҚР Конституция» күніне орай ұйымдастырылатын іс – шараларға қосымша қаржы бөлінбеген.

Әр аудан ауыл өз деңгейінде атап өтетін болады.