ШЫМКЕНТТЕ 19 ҚЫРКҮЙЕКТЕН БАСТАП 400 АЕК КӨЛЕМІНДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТТЫҢ  IV-ШІ ЛЕГІ БОЙЫНША ӨТІНІМ БЕРУ БАСТАЛАДЫ

318

Өтінімдер «Business.enbek.kz» порталы арқылы онлайн режимінде қабылданады.Қатысу үшін үміткер порталға электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦП) арқылы тіркеліп, өтінім бере алады.

Мемлекеттік грант қаражаты – ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге өздерінің бизнес-әлеуетін ашуға, өндірісті жолға қоюға және дамытуға, сол арқылы өзін тұрақты табыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Әр қатысушы оны тек бір рет ала алады.

📍Өтінім беру үшін қажет:

❗Порталда тіркелу;

❗грант алу шарттарына сәйкестігіне тексеруден өту;

❗порталда көрсетілген бизнес-жоспар үлгісін жүктеп алып, оны толтыру және порталға енгізу (өз бетінше бизнес-план жарамайды);

❗өтініш нысанын толтыру және ЭЦҚ кілтімен қол қою.

Интернетке немесе компьютерге қолжетімділік болмаған жағдайда, халықты жұмыспен қамту орталықтарының өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтарында өтінім беруге болады.

❗Мемлекеттік грант алуға үміткер бола алады:

✓тіркелген жұмыссыздар;

✓29 жасқа толмаған,3 жылдан кем дара кәсіпкер ретінде тіркелген немесе бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер;

❗Бұл ретте үміткер төмендегі әлеуметтік санаттардың бірінен болу керек:

📌еңбекке қарсы көрсетілімдері жоқ мүгедектігі бар адамдар;

📌қолданыстағы «кандас» мәртебесі бар адамдар;

📌өңіраралық қоныс аударушылар

📌атаулы әлеуметтік көмек алушылар, көп балалы отбасыларға және (немесе) оның жұбайына (зайыбына) төленетін жәрдемақы алушылар;

📌мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған адам (жұбайы / зайыбы);

📌асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы алушылар;

-жастар (29 жасқа дейін).

❗Сонымен қатар, үміткердің «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту туралы 3 жылдан аспайтын мерзімге сертификаты болуы тиіс.

❗Ескерту: өтінімдер 19-30 қыркүйек аралығында  қабылданады.(сенбі-жексенбі,яғни 24-25 қыркүйек күндерін қоспағанда).