“ШЫМКЕНТТЕ КӘСІПКЕРЛІККЕ КЕҢІНЕН ҚОЛДАУ БАР…”

459

Шымкент қаласының кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Береке Талғатұлы Дуйсебеков

«2022 жылдың 7 айында атқарылған жұмыстары туралы сыр-сұхбат жүргіздік. Ол, Шымкентте кәсіпкерлікке кеңінен қолдау барын айтты.

-Береке Талғатұлы, Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды- инновациялық даму басқармасы үлкен салаға жетекшілік етеді. Бұл салалар бойынша 2022 жылдың 7 айдың қорытындысы бойынша қандай көрсеткіштерге қол жеткізілді?

-Өнеркәсіптік өндіріс көлемі 507,6 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 8,4 пайызға артты;

— қала экономикасына 219,1 млрд. теңге инвестиция тартылып, өткен жылмен салыстырғанда 28,6 пайызға артты;

-шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 91,0 мың бірлікті құрап, өткен жылмен салыстырғанда 30,7 пайызға артты;

-бөлшек сауда көлемі 305,2 млрд. теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 13,6 пайызға артты.

Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды- инновациялық даму басқармасына 2022 жылға жалпы 6 нысаналы индикатор белгіленген.

-Өңірлік 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспарында 6 нысаналы индикатордың 2022 жылдың 1 жартыжылдықтың қорытындысы бойынша орындалуына көңіл толарлықпа?

— Өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 445,2 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 9,6 пайызға артты. Жылдық жоспар — 703 млрд. тг., есепті кезеңде орындалуы 63,3 пайызды құрап, жыл соңына дейін артығымен орындалады деген сенімдемін.  Мұнай-газ-химия өнімдерін өндіретін кәсіпорындар есепті кезеңде 32,3 мың тоннаны («Шымкент химиялық 3 компаниясы» ЖШС — 17,9 мың тонна, «HILL Corporation» ЖШС — 14,4 мың тонна) шығарды, бұл жылдық жоспардың 64,6 пайызын құрайды. (Жылдық жоспар — 50 мың тонна, орындалады)

Негізгі капиталға инвестицияларының 2019 жылдың сәйкес деңгейіне қарағанда өсім 128,6 пайызды құрайды. (Жылдық жоспар — 127%)

«Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды шағару бойынша жаңа өндірістер саны» көрсеткішін орындау мақсатында жыл соңына дейін 2 жоба іске қосуды жоспарлап отырмыз. (Жылдық жоспар – 1 жоба)

  1. Экономикадағы орта кәсіпкерліктің үлесі 2021 жылдың қаңтар-наурыз айларында 7,2 пайызды құрады. Ағымдағы жылдың 6 айында 8,0 пайызды құрайды (Жылдық жоспар – 8,7%).

Қалған 1 индикатордың (Цифрлық технологияларды пайдаланатын өңдеуші өнеркәсіптегі ірі және орта кәсіпорындардың үлесі, %) статистикалық деректері кешігіп жария етіледі. Жасалған талдауы бойынша бұл жылдық көрсеткіште орындалатын болады. Өнеркәсіп өнімінің көлемі 2022 жылғы қаңтар-шілде айларында 507,6 млрд.теңгені немесе өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі (НКИ) 108,4 пайызды құрады.

Бұл өңдеу өнеркәсібінің 9,6 пайызға, электр, газ және бу беру саласы 4,0 пайызға өсуі есебінен қалыптасты, ал кен өндірісі 6,2 пайызға, сумен жабдықтау 11,7 пайызға төмендеген.

Анықтама үшін:

— өңдеу өнеркәсібінде – 445,2 млрд. теңгенің, НКИ – 109,6%;

— кен өндіру өнеркәсібінде – 496,1 млн. теңгенің, НКИ – 93,8%;

— электрмен, газбен жабдықтау – 49,3 млрд. теңгенің, НКИ – 104,0%; — сумен жабдықтау – 12,5 млрд. теңгенің, НКИ – 88,3% құрады.

Береке Талғатұлы  мемлекет басшысы қойып отырған үлкен міндеттің бірі-иевестиция тарту. Бұл бағытта қандай жұмыс атқарылуда?

-2022 жылдың қаңтар-шілде айларының қорытындысы бойынша қала экономикасына 219,1 млрд. теңге тартылып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 28,6%-ға артты (2021 жыл қаңтар- шілде – 163 млрд.теңге)

Сонымен қатар, 2022-2026 жылдар жалпы құны 1,9 трлн. теңгені құрайтын 20 мыңнан аса жаңа жұмыс орнымен 300 инвестициялық жобаның пулы жасақталған. Оның ішінде 2022 жылы 165 млрд. теңгеге 50 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланған.

Жалпы 2022-2025 жылдар аралығында 559,4 млрд. теңгеге 7,9 мың жұмыс орнын құрумен 66 жобаның пулы жасақталған.

Оның ішінде, 2022 жылы 52,8 млрд. теңгеге 1 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын құрумен 16 инвестициялық жобаны іске қосу жоспарланған.

Бүгінгі таңға жалпы құны 28,6 млрд.теңгені құрайтын 5 инвестициялық жоба 465 жаңа жұмыс орнымен іске асырылды.

-Анықтама үшін таратып айтсаңыз..

1.«KazAlpack» ЖШС – алюминий банкілерінің өндірісі (23,4 млрд.тенге, 145 ж.о.);

  1. «Dala Construction» ЖШС – үй құрылысы комбинатын салу (2,9 млрд.тенге, 50 ж.о.);
  2. «Цветлит» ЖШС – үй құрылысы комбинатын салу (123 млн.тенге, 20 ж.о.);
  3. «Эко-фарм» ЖШС – медициналық мақсаттағы бұйымдар өндірісі (1,5 млрд. теңге, 150 ж.о.);
  4. «Mega Smart B2B» ЖШС – жиһаз фабрикасы (750 млн. теңге, 100 ж.о.).

Бұл жобаларға тұрақты мониторинг жұмыстары жүргізіліп, проблемалық мәселелерін шешу бойынша мемлекеттік қолдаулар көрсетілуде.

Сонымен қатар, жалпы аумағы 743 га құрайтын 4 өндірістік алаң жұмыс істейді.

Аталған аймақтарда 14 мыңнан астам жаңа жұмыс орындарын құрумен 315,5 млрд. теңге сомасына 195 инвестициялық жоба іске асырылуда.

Өндірістік алаңдарды құруға мемлекет 17,8 млрд. теңге жұмсалса, осы уақытқа қатысушыларынан 36 млрд. теңге салық түсті.

-Шымкентте шағын және орта бизнестің дамуы қай бағытта өрбуде?..

-Шымкент қаласында 91,0 мың шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері жұмыс істейді (заңды тұлғалар – 19,0 мың бірлік, жеке тұлғалар – 68,2 мың бірлік, шаруа қожалықтары – 3,8 мың бірлік), өткен жылдың сәйкес кезеңіне бұл көрсеткіш 21,4 мыңға өсіп, 130,7%-ды өсім қорсетті.

Шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыспен қамтылғандар саны 179,9 мың адам жетіп, 2021 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 111,4%-ға өскен.

Өндірілген өнім көлемі бойынша 2022 жылдың 1-тоқсанында 317,3 млрд. теңгені құрап, 2021 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 130,1%-ға артқан.

2022 жылдың 1-тоқсанында шағын және орта кәсіпкерліктің жалпы өңірлік өнімдегі үлесі 36,2% құрап, 2021 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 7,1 бірлікке артқан.

-Шымкентте шағын және орта бизнесті қолдау қандай дәрежеде?

-Жалпы шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау мақсатында 2022 жылға 15,7 млрд. теңге қаржы бөлінген, оның ішінде республикалық бюджеттен – 12,2 млрд. теңге, жергілікті бюджеттен – 3,5 млрд. теңге. Жалпы жыл басынан 6,9 млрд. теңгеге 2 059 жобаға қолдау көрсетілген

«Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 2022 жылға 9,4 млрд. теңге бөлінген, оның ішінде республикалық бюджеттен – 6,5 млрд. теңге, жергілікті бюджеттен – 2,7 млрд. теңге.

Бүгінгі таңда 1 860 жобаға 4 603 млн. теңгеге қолдау көрсетілді, оның ішінде:

— банк несиелері бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға 1 753 жобаға 3 959,9 млн. теңге;

— банк несиелері бойынша ішінара кепілдендіруге 77 жобаға 492,9 млн. теңге;

— мемлекеттік гранттар ұсыну бойынша 150,0 млн. теңгеге 30 жобаға қолдау көрсетілді.

«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы шеңберінде 2022 жылға 3,9 млрд. теңге бөлінген, оның ішінде республикалық бюджеттен – 3,7 млрд. теңге, жергілікті бюджеттен – 0,2 млрд. теңге. Бүгінгі таңда 74 жобаға 1 062,1 млн. теңгеге қолдау көрсетілді, оның ішінде:

— банк несиелері бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға 74 жобаға 1 062,1 млн. теңге.

«Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы

шеңберінде 2022 жылға 1 500,0 млн. теңге бөлінген. Аталған бағдарлама бойынша 143 жобаға қолдау көрсету жоспарлануда. 2022 жылдың 6 айдың көрытындысы бойынша1126,3 млн. теңгеге 105 жоба шағын несиелер берілді.

«Іскер қала» іс-шара жоспары аясында 2022 жылға «Даму» қорымен бірлесіп жалпы 944 млн. теңге бөлінген.

— шағын несиелендіруге – 800 млн. теңге;

— банк несиелерін субсидиялауға – 60 млн. теңге;

— өндірістік және әкімшілік алаңдарының жалдау ақысын

өтеуге – 84 млн. теңге.

Бұл іс-шара аясында жеңілдетілген несиелер беру

қарастырылған, атап айтқанда жастар мен әйел кәсіпкерлеріне 1%-бен 10 млн. теңгеге несиелер, өндірістік алаңадарында іске асыратын жобаларға 2%-бен 50 млн. теңгеге дейін несиелер алуға болады. Сондай-ақ іс-шара аясында айқындалған өндірістік алаңдарының жаладу ақысын 1-ші жылы 75%, 2-ші жылы 50%, 3-ші жылы 25%-ға дейін өтеп беру.

Бүгінгі таңда, іс-шара аясында 243 млн. теңгеге 28 жоба қаржыландырылды және 13,0 млн. теңгеге пайыздық мөлшері субсидияланды.

Шымкент қаласының әкімінің тапсырмасына сәйкес шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мақсатында «Іскер қала» іс-шара жоспары бекітілген.

Аталған іс-шара жоспары аясында шағын және орта кәсіпкерлікке оның ішінде жастар мен әйелдер кәсіпкерлігін қолдауға жеңілдетілген 1% жастар мен әйелдерге және өндірістік алаңдардың резиденттеріне 2% пайыздық несиелер қарастырылған, сонымен қатар қала аумағында тоқтап тұрған кәсіпорындардың алаңдарын Өндірістік паркке айналдыру арқылы шағын цехтарды ашу қарастырылған.

Қала аумағында тоқтап тұрған кәсіпорындарды анықтап, оларға Өндірістік парк статусын беру арқылы шағын кәсіпкерлер өндірістік алаңдарымен қамтамасыз етіледі. Өндірістік алаңдарын негізігі шарттары 1-жылы жалдау ақысының 75%, 2-жылы 50%, 3-жылы 25%-ын өтеу болып табылады. Өндірістік алаңдарының қатысушыларына 1000 ш.м. дейін алаң ұсынылады. Бағдарлама аясында 3 жылға жоспар бекітілген жалпы 45 000 ш.м. игеру, 2022 жылы – 10 мың ш.м., 2023 жылы – 15 ш.м., 2024 жылы – 20 мың ш.м. Өндірістік алаңдарының жалдау ақысын өтеуге жергілікті бюджеттен 84 млн. теңге бөлінген.

Бүгінгі таңда, пилоттық жоба ретінде «Silkway alliance» ЖШС аумағында бос тұрған ғимараттарды пайдалану арқылы 4 мың ш.м. құрайтын алғашқы Өндірістік алаңы ашылған. Аталған Өндірістік алаңда бүгінгі таңда 381,0 млн. теңгені құрайтын 70 жұмыс орны бар 7 кәсіпкердің жобалары орналасып, өз өнімдерін шағыруда.

«SILKWAY ALLIANCE» ЖШС өндірістік алаңы толуына байланысты «Қайнар май» ЖШС-нің мақта, күнбағыс және мақсары майларын өндіретін бұрынғы ірі кәсіпорынның аумағында жаңа өндірістік алаңын ашуды жоспарлап отырмыз. Аумағы — 4,32 га, өндірістік алаңның көлемі — 10 453 ш.м. «Қайнар май» ЖШС-ның қуаттылығы 2,1 мВт электр энергиясымен, скважина, газ, электрондық таразымен жабдықталған. Сонымен қатар, «Асыл Арман Қазақстан» ЖШС кәсіпорынның аумағында өндірістік алаңын ашу жоспарлануда. Аумағы — 1 га, өндірістік алаңның көлемі – 4

Жалпы сауда көлемі 946,1 млрд. 109,8 пайызды құрады.

-ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ АУМАҒЫНДА БАЗАРЛАРДЫ ҚАЙТА ЖАҢАРТУ БОЙЫНША

теңгені немесе

ОРНАЛАСҚАН 8 мың ш.м. Асыл Арман Қазақстан» ЖШС-ның қуаттылығы 70 кВт электр энергиясымен, скважина, газбен жабдықталған.

Сонымен қатар, «Іскер қала» іс-шарасы аясында жастар мен әйелдер кәсіпкерлігін қолдау мақсатында 10 млн. теңгеге дейін салалық шектеусіз 1%-дық несиелер және өндірістік алаңдарының резиденттеріне 50 млн. теңгеге дейін 2%-дық несиелер беру қарастырылған. Бұл мақсатқа «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ мен бірлесіп 2022 жылға шағын несиелендіруге 800 млн. теңге пайыздық мөлшерін субсидиялауға 60 млн. теңге бөлінген. Бүгінгі таңда іс-шара аясында 243,0 млн. теңгеге 28 жоба қолдау тапқан.

2022 жылдың қаңтар-шілде айының қорытындысы бойынша қаланың бөлшек сауда көлемі 305,2 млрд.теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 113,6% құрады.

Жыл соңына дейін бөлшек сауда көлемі 540,0 млрд. теңгеге жеткізу күтілуде. Бұл көрсеткіш 2021 жылмен салыстырғанда 9,7 пайызға (109,2%) өсетін болады.

Аталған көрсетішке жаңадан ашылған базар («Гранд-Базар»), жаңа автокөлік салондарының құрылысы («Lexus Shymkent», «Hyundai

Otyrar») және жұмыс жасап жатқан сауда нысандарын кеңейту («Gramad» — 3 сауда нысаны, Magnum – 1 сауда нысаны) және базарларды модернизациялау жүргізу есебінен қол жеткізілетін болады.

Көтерме сауданың көлемі 638,1 млрд. теңгені құрады немесе 108,0 пайызды құрады.

Қала аумағында жалпы ауданы 643 мың ш.м. 36 базар жұмыс істейді, оның ішінде әмбебап – 25, мамандандырылған — 11.

ҚР «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңы қала базарларын құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкестендіруді, базарларды жаңғыртуды талап етеді. Талаптарға сәйкес 19 базар қайта құрылымдауға жатады.

Оның ішінде, 12 нысанда (Бекжан, Шымкент Тұлпар, Исатай (Алатау), Акбар, «Иманалиев» мал базары, Барыс, Жабық базар, Көктем, Жібек Жолы, Жаңа шахар, Назым апа, Көмеш бұлақ) реконструкциялау және құрылыс нормаларына сәйкес келтіру жұмыстары аяқталды.

7 нысанда («Авто Нұр», «Орталық қырғы базар», «Алаш», «Айна», «Дархан», «Самал», «Нұр Сайрам») қайта жаңғырту жұмыстары басталды, қалған нысандар бойынша консультациялық- түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Базарларды жаңғырту жұмыстарын 2023 жылдың 1 қаңтарына дейін аяқтау жоспарлануда.