ORDABASY: ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙҒА ДАЙЫНДЫҚ ПЫСЫҚТАЛДЫ

241

Ордабасы ауданында облыстық төтенше жағдайлар департаменті тарапынан арнайы кешенді жоспарға сәйкес үш жылда бір рет өткізілетін оқу-жаттығу шарасы бастау алды.

Мақсаты – ордабасылықтардың түрлі төтенше жағдайларға дайындығын пысықтау.

Осыған орай аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында облыстық төтенше жағдайлар департаменті өкілдерінің, аудандық бөлімшесі қызметкерлерінің, тиісті сала мамандарының қатысуымен жиын болып өтті.

Маңызды басқосуға аудан әкімі Нұрбек Бадырақов арнайы қатысып, аудан тұрғындарын төтенше жағдайларға дайындауда тындырымды жұмыстардың қажет екендігін жеткізді.

— Біз төтенше жағдайларға қаншалықты дайынбыз? Мәселе осында. Тұрғындар арасында ақпараттық жұмыстарды күшейту керек. Оқу-жаттығу шаралары да аса маңызды жұмыс. Одан бөлек, төтенше жағдай орын алған кезде тиісті органдар қандай іс-әрекет жасау керектігін де білуі тиіс. Комплексті жұмыс қажет. Яғни, біз төтенше жағдайларға дайын болуымыз керек, — деді аудан басшысы.