ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ӨТІНІШІ БАСТЫ НАЗАРДА

260

Бүгін аудан басшысы Мұхит Отаршиев тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Алдымен қабылдауға келген қала тұрғыны Д.Матаева 2-ші топ мүмкіндігі шектеулі баласының емделуіне көмектесуді және жолдасын жұмыссыз ретінде тіркеп, жәрдемақы берілуін сұрайды. Екінші мәселе бойынша қала тұрғыны Б.Тилепбаев «Жібек жолы» автовокзалындағы заңсыз жолаушылар тасымал мәселесін жеткізді. Үшінші мәселе Жарты төбе ауылдық округі, Құрама елді мекенінің тұрғыны Ж.Ерназаров Ферма ауылындағы электр желілері мен бағаналарының тозығы жетуінің салдарынан электр жарығы өте нашар екендігін және ауыз сумен қамту мәселесін жеткізді. Соңғы мәселе бойынша Құркелес ауылдық округі, Алғабас елді мекен тұрғыны Р.Шукубаева «Айна» балабақшасының уақытша жабылып қалуына байланысты балабақшаны қайта ашу үшін ғимарат қарастырып беруін сұрады.

Аудан басшысы қабылдау барысында көтерілген барлық мәселе мен әр тұрғынның сауалдарына заңды түрде жеке-жеке жауап беріп, әрбір мәселеге талқылау жасап, шешу жолдарын қарастырды. Сондай-ақ, тұрғындардың мәселелерін бақылауда ұстайтындығын айтып, жауапты мамандарға тиісті тапсырмалар берді. Сөз соңында тапсырмалардың орындалуын жіті бақылауында ұстайтынын айтты.