МАҚТАНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ЖИНАЛЫС ӨТТІ

244

15.09.2022ж. сағат 14.30 шамасында прокуратураның үйлестіруімен Түркістан облысының ауылшаруашылығы басқармасының басшысы Т.Оспановтың төрағалығымен ЖАО басшылары, «Аманат» партиясының Жетісай аудандық бөлімшесі төрағасы, мақта қабылдау зауыттары басшыларының қатысуымен мақта мәселесі бойынша штаб отырыс өткізілді.

Бұдан бөлек, 15.09.2022 жылы сағат 15.00-17.00 арасында мақта шаруашылығымен айналысатын 100-ге жуық дара кәсіпкерлік субъектілері, мақта қабылдау зауыттары басшылары және ауылдық округ әкімдерінің қатысуында мына мәселелер бойынша жиналыс өткізіліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді:

1) мақта қабылдау, өңдеу зауыттары тарапынан осы күнге дейін бағаның белгіленбеуі;

2) мақта қабылдау бекеттерінде мақтаны қабылдау кезінде ылғалдылық пен тазалығы үшін артық мөлшерде ұстау (скидка за влажность и засоренность);

3) мақта қабылдау бекеттеріндегі таразының дұрыстығы.

Түсіндіру жұмыстарын Түркістан облысының ауылшаруашылығы басқармасының басшысы Т.Оспанов, орынбасары Н.Мырзахметов, аудан әкімінің орынбасары А.Маханбетов, аудан прокурорының орынбасары М.Ералиев және мақта қабылдау зауыттарының басшыларымен жүргізілді.

Жиналыста бүгінгі таңда шитті мақта бағасы шықпағаны, мақта бағасы ұсыныс пен сұранысқа байланысты екені, мақтаны сатып алушылардың (трейдерлер) келмегені, зауыттар мен мақта қабылдау пункттері шаруаларға жиын-терім жұмыстары үшін, шитті мақтаның 1 тоннасына 150,0 – 250,0 мың теңге аралығында алдын — ала төлем (аванс) беріліп жатқаны айтылды.

Аудан прокурорының орынбасары М.Ералиевпен бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және оның тәртібін бұзғаны үшін (ҚР ӘҚБтК-нің 488-бабында, ҚР ҚК-нің 400-бабында әкімшілік, қылмыстық) жауапкершіліктер туралы;

— көшелерді, трассаларды жауып, көлік құралдарының қозғалысына кедергі жасағаны үшін, ҚР ӘҚБтК-нің 614-бабында әкімшілік жауапкершілік көзделгені;

— мақтаны өткізу кезінде мақта қабылдау пункттерінің таразыны дұрыс тартпай, кем өлшеуі, бұл үшін ҚР ӘҚБтК-нің 190-бабымен әкімшілік жауапкершілік көзделгені және т.б. мәселелер бойынша ақпараттар мен мағлұматтар айтылды.

Шаруалар тарапынан бірнеше сұрақтар қойылып, жауаптар берілді, көтерілген мәселелер талқыланып, шешу жолдары қарастырылды.

Түркістан облысының ауылшаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Н.Мырзахметовпен Қытай Халық Республикасының мақтаны сатып алушылары (трейдерлер) елімізге келіп шитті мақта сатып алу үшін виза рәсімдеп жатқаны айтылып, шаруалардың еңсесі көтерілді.