ШЫМКЕНТТЕ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫН ДАМЫТУ ЖАНДАНЫП КЕЛЕДІ ЖӘНЕ БОЗАРЫҚТА  ИНФРАҚҰРЫЛЫМ  ЖҮЙЕЛЕРІ ТАРТЫЛЫП ЖАТЫР

312

Қала әкімі М.Әйтеновтің тапсырмасына сәйкес, әкімшілік-іскерлік орталығында 9 қабатты үйлердің құрылыс жұмыстары қарқын алған.

Бұған дейін No 9,10,11,12 тұрғын үйлердің құрылысы мерзімінде аяқталмағаны үшін әкімдік тарапынан жауапты мердігер мекемелерге ескертулер беріліп, айыппұл салынған болатын. Бүгінде олқылықтық орны толтырылып, жұмыстар аяқталуға жақын.

Қала басшысы аталған орталықтағы бірнеше нысанда құрылыс барысын тексеріп, оның ішінде әкімшілік-іскерлік орталықта бой көтерген 9 қабатты No 13,14,15,16 тұрғын үйлер құрылысы мен аталған аймақтың солтүстік беткейіндегі 21,5 га жерде бой тіктейтін жаңа көпқабатты үйлердің инженерлік жүйелерін тарту жұмыстарын қадағалап, тапсырманың тиісті мерзімде бітуін талап етті.

-Шымкентте 49 мыңға жуық азамат баспана кезегінде тұрғанын ескеретін болсақ, тұрғын үй құрылысын дамытуға бар күш жігерімізді салуымыз қажет»,

-деді М. Әйтенов.

БОЗАРЫҚТА  ИНФРАҚҰРЫЛЫМ  ЖҮЙЕЛЕРІ ТАРТЫЛЫП ЖАТЫР

Қаратау ауданына қарасты «Бозарық» шағын ауданында бес қабатты тұрғын үйдің құрылысы бітіп, инфрақұрылым жүйелерін тарту жұмыстары тоқтаусыз жүргізілуде. Қала әкімі Мұрат Әйтенов нысан басына арнайы барып, бұған дейін берілген ескертпелердің түзетілгеніне көз жеткізді.

Мұнда 1,4 шқ электр желісі, 1,2 шқ газ, 1,3 шқ ауыз су құбырлары, 0,8 шқ кәріз жүйесі тартылуда. Қазірге дейін барлық жұмыстардың 30% орындалды. Келесі жылы ауыз мен көгілдір отын тарту жұмысы толық аяқталады.

Сонымен қатар 2020 жылы басталған жолдардың құрылысы 50%-ға салынып, қалған жартысы келесі жылы толығымен бітеді.

Тексеру барысында мердігер мекеме басшыларына жұмыстың сапасы сын көтеретіндей болсын дегенді қайталап айтқан қала әкімі М.Әйтенов жауапты басқарма басшыларынан шаһарда салынып жатқан әрбір нысанның мерзімінен кешіктірілмеуін де талап етті.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Фотоға түсірген Береке Сейітжаппар