МЕКТЕПТЕГІ ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ ҚАЛАЙ САҚТАЛУЫ КЕРЕК?

324

Бүгін Төтенше жағдайлар басқармасының ұйымдастыруымен Түркістан қаласы адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты балабақша, мектептердің өрт қауіпсіздігі ережелері бойынша мәжіліс өтті.

Жиынға қалалық төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері мен білім беру мекемелерінің басшылары қатысты.

Күн тәртібінде білім беру объектілерінің өртке қарсы жағдайына, тиісті режимді сақтауға, өрт автоматикасы жүйелерін және өртке қарсы құрал-саймандарды ұстау және техникалық қызмет көрсету тәртібіне, өрт туындаған кездегі іс-қимыл тәртібіне және эвакуациялау процесін ұйымдастыруға, және жер сілкінісіне орай оқу-жаттығуды уақытылы және сапалы орындауға қатысты мәселелер айтылды.

Кеңеске қатысушыларға техникалық қызмет көрсету бойынша жұмыстарды уақтылы жүргізу, сондай-ақ өрт автоматикасы жүйелерін жұмыс жағдайында ұстау; өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік инспекторлар берген нұсқамаларды толық көлемде орындау; қызметкерлермен және персоналмен өрт қауіпсіздігі шаралары туралы нұсқама және қауіпсіз эвакуациялау бойынша жаттығулар тұрақты негізде өткізу; мекемелердің электр шаруашылығының жағдайына ерекше назар аудару тапсырылды.