НЕКЕ САРАЙЫНДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 70-КЕ ЖУЫҚ ЖҰП НЕКЕ ҚИҒАН

166

Түркістандықтар неке қию салтанатты рәсімін жаңа және әсем Неке сарайында өткізіп келеді.

Неке сарайында жыл басынан бері 70-ке жуық неке тіркеу рәсімі өткен.

Мұнда жас жұбайларға арнайы бөлме қарастырылған. Сонымен қатар неке қиюға арналған салтанатты зал, қонақтарға арналған күту залы, 80 орынға лайықталған мәжіліс залы, кең холл, жиын өткізетін арнайы зал бар.

Жалпы алаңы – 2 мың шаршы метрді құрайтын ғимарат көп салалы болғандықтан, басқа да кең ауқымды шараларды өткізуге болады.

Неке сарайының ең жоғарғы қабатында (шатырында) романтикалық кездесу ұйымдастыруға барлық жағдай жасалған.

Әкімшілік іскерлік орталықта орналасқан бұл нысан отбасын құрамын деген жастарға ұмытылмас сәттер қалдыратыны анық.