ҚАЛА ӘКІМІ ЕҢБЕКШІ АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

235

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Шымкент қаласы әкімінің халықпен жоспарлы есепті кездесуілері жалғасуда.

Бүгін Мұрат Әйтенов Еңбекші ауданы тұрғындарындарымен жүздесіп, сауалдарға жауап берді.

Қала әкімі шаһардың соңғы 9 айдағы әлеуметтік дамуынан хабардар етіп, алда атқарылатын шаруалардың бірпарасын айтып өтті.

Басымдық берілген салалардың бірі — білім.

Мектепке дейінгі мекемелерді салу бойынша мәселе алдағы 3 жылда шешімін табады. 577 нысан салынып, 3-6 аралығындағы балалар 100% балабақшамен қамтылатын болады.

Үш ауысымдық мектептер саны азайды. Биыл бесеуінде мәселе шешіліп, төртеуі қалды. Бүгінде 242 525 оқушы 203 мемлекеттік мектепте білім алады. Биылдың өзінде 33 білім ошағы падалануға берілді.

Осы және өзге де шешімін тапқан мәселелерді айтқан шаһар басшысы жиынға қатысқан 300 ден аса тұрғынның 42 сұрағына жауап беріп, әрбір азаматтың талап-тілегі ескерілетінін, күрделілігіне байланысты орта және ұзақ мерзімде қаралатынын жеткізді.

Халықтан түскен сұрақтардың басым бөлігі тұрғын үймен қамту, жол, жарық, ауыз су, тағы да басқа әлеуметтік және жеке мәселелерге қатысты болды.

Өз кезегінде аудан әкімі Есбол Досбол Еңбекшідегі 35 елді мекендегі жеке сектор мен көпқабатты үйлердің жылыту маусымына дайындығын, аулалар мен саябақтарды абаттандыру, көшелер мен жолдардың жөнделген тұстары мен көрсеткіштерін жайлы баяндады.

Айтып өтейік, жиынға халықпен қоса қоғамдық кеңес мүшелері, мәслихат депутаттары мен БАҚ өкілдері қатысты. Есепті кездесу әдеттегідей Шымкент қаласы әкімдігінің инстаграмдағы ресми парақшасында тікелей эфирде көрсетілді. Cұрақтардың басым бөлігі тұрғын үймен қамту, жол, жарық, ауыз су, тағы да басқа әлеуметтік және жеке мәселелерге қатысты болды.