ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА «ҚАМҚОРЛЫҚ» БАЛАЛАР ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

504

Түркістан қаласында орналасқан, жаңа технологиямен жабдықталған, облыстық қоғамдық денсаулық басқармасына қарасты «Қамқорлық» балалар оңалту орталығының негізі ақпан айында қаланып, маусым айынан өз жұмысын бастаған болатын.

Мұнда Ұлыбритания, АҚШ, Германия, Австрия, Италия, Қазақстан және Ресейдің алдыңғы қатарлы заманауи жабдықтары жинақталған.

Оңалту орталығында тірек-қимыл жүйке жүйесі аппаратының бұзылыстары бар бөбектерге, балалардың церебральді сал ауруы, туа бітті сүйек ақаулары бар, микроцефалия, гидроцефалия, монопарез, Даун синдромы, мидың туа бітті ақаулары бар балалар емдік шараларын қабылдайды.

Сонымен қатар, орталықта тұз шахтасы, шунгит бөлмесі, эрготерапия, сенсорлық бөлме, механотерапия, бальнеотерпия, интерактивті бөлме, емдік дене шынықтыру, ойын бөлмелері бар.

Орталық ашылған күннен бастап бүгінге дейін 334 балаға көмек көрсетілді. Қазіргі уақытта мұнда күндізгі стационарда — 34, тәуліктік стационарда — 9 бүлдіршін ем қабылдауда.

Одан бөлек, жүйке жүйесі мен тірек-қимыл аппаратының бұзылыстары бар 1-14 жас аралығындағы балаларға көмек көрсетілуде.