Рухты көтеретін ұлттық мереке

507


Биылғы жыл саяси өзгерістер жылы болды . Ата заңымызға Референдум өткізу арқылы өзгерістер енгізілді. Қаңтар оқиғасынан кейін саяси жүйеге өзгерістер қажет екенін барша жұрт түсінді.Ел сұранысына жауаптың шешімі табылды . Халыққа керегі əділ əлеуметтік саясат еді. Мемлекет басшысы əр сұрақтың байыбына барып жауабын беріп отырды. Соның бірі 16 желтоқсанның Тəуелсіздік күні болып аталып тойлануы еді. Желтоқсанда қаншама қан төгілді, ал біз болсақ ол күнді арқа- жарқа тойлап жатамыз.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биыл Республика күнін қайта жаңғыртуды ұсынды. Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы” заңға өзгеріс енгізіліп , 25 қазан Республика күні болып өзгертілді. Заң өзгерді, халықтың үнін естіп билік құлақ асты, нақты іс- қимыл бар, нəтижесін көріп отырмын. Бүгін барлық өңірлерде ұлттық рух көтеретін патриоттық əндер айтылып іс шаралар өтіп жатыр. Сөнуге аз ғана қалған рух қайта тұтанып жалын атуда. Марапатталу мереке қарсаңында жүріп жатыр. Мен үшін Республика күні естен шықпайтын қуанышты күнге айналды Он алты жылғы тынымсыз еңбегімнің нəтижесін көрдім, бағасын алдым. “AMANAT” партиясының Төрағасының қолынан мемлекеттік награда “Парасат” орденін алдым. Ұлттық мереке екенін тұла бойыммен сезіндім. Он алты жыл бұрын партияға келіп 2013 жылы жол апатының зардабынан 14 жерім сынса да рухым сынбағанына қуанамын.
Халықтың мұң мұқтажын естіп оны шешуге атсалысу партия мүшелерінің күнделікті үйреншікті жұмысы. Тəуелсіздік “AMANAT” партиясының жаңа саяси Тұғырнамасында Тəуелсіздік бойтұмарымыз деп жазылған . Бойтұмарымыз мықты болсын ,ешқашан үзілмесін. Тəуелсіздікті нығайтуға ұлт болып қатысу азаматтығымыз. Тəуелсіздік күні-16 желтоқсан
болып ,боздақтарымыздың арманын арқалаған күн атаулы күн болып қала бермек!

Қалыйма Жантөреева
«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы Атқарушы хатшысының орынбасары,
Түркістан облыстық мəслихатының депутаты, Түркістан облысының Құрметті азаматы