САУРАН АУДАНЫНДА ЕКІ АУЫЛДЫҚ ОКРУГТЕРГЕ ТАБИҒИ ГАЗ БЕРІЛДІ
Сауран ауданы Шаға және Жаңа Иқан ауылдық округтері табиғи газға қосылды. Табиғи газға қосылу шарасына Түркістан облыстық Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Роза Олжабайқызы, аудан әкімі Ғани Рысбеков, ауыл ақсақалдары және Интергаз Орталық Азия АҚ-ның Түркістан газ шаруашылығының басшысы Ақиқат Абдуллаев қатысып, халықты көгілдір отынның келуімен құттықтап, ізгі тілектерін айтты.
Табиғи газ беру жұмыстары Шаға ауылдық округіне қарасты Қазақстанның 30-жылдығы елді мекенінен басталды. Қалған елді мекендерге табиғи газ беру жұмыстары ретімен жалғасын табатын болады. Шаға және Жаңа Иқан ауылдық округтеріне табиғи газ №16 Ескі Иқан автоматтандырылған газ тарату станциясы арқылы беріледі. Аудан әкімдігімен «ҚазТрансГаз» АҚ елді мекендерге газ беру жұмыстарын жүргізуде. Әрі қарай әр азамат өз үйіне немесе басқа да нысандарға газ қосу үшін өтініш білдіріп, мердігер мекемелермен келісім-шартқа тұрып, құжаттарды түгелдегеннен кейін жеке шот ашылып, абоненттер санына қосыла алатын болады.