АТА КӘСІППЕН АЙНАЛЫСҚАНДАР АЛДА КЕЛЕДІ

133

Өткен жылға келетін болса, Иассы ауылдық округі бойынша дайындалған мал азығына келер болсақ,  жалпы жиналған мал азығы  — 25903 тоннаны құрады. Соның ішінде, жоңышқа -3403 тонна, сүрлемдік жүгері –729 тонна, сабан  — 195,1 тонна, табиғи шөп  11350 тонна, сырттан сатып алынғаны – 10150 тоннаны құрады. Қалаға жақын орналасқандықтан мұнда түйе өсіріп, қымыранды үзбей қалаға сатып отырғандар бар. Мәселен, «Тұмар шаруа қожалығы 22 бас түйе сатып алды.  Шаруа қожалығының иесі Бейбіт Өтепов дөңгелекті жүк артатын техника сатып алса, Халил Ысқақов шөп оратын «КПИ» техникасын сатып алды. Жайылымдық жердің тарлығына қарамастан, малды қорада бордақылап жатқандар қатары көбейіп келеді. Қазіргі таңда ірі қара малдың басы 5606 басқа жетті. Ұсақ малдың басы 49620 бас, жылқы саны 2594, түйе саны 684, құс 2645-ке жетті.  Мал шаруашылығы өнімдерін арттыру, ет «тірі салмақта» тонна жоспары 1775 орындалғаны 1725 бас 97%. Мал шаруашылығы өнімдерін арттыру,сүт «тонна» жоспары 3625 бас орындалғаны 3585 бас 98%. Мал шаруашылығы өнімдерін арттыру, жұмыртқа «мың дана» жоспар 203 орындалғаны 204%.

Үй шаруашылығында өзінің қора жайында мал бордақылаушылар саны артып келеді. Мәселен, Камилжан Абдихаликов 8 бас ірі қара, Абдикарим Байжанов 5 бас ірі қара, Марғуба Халметова -20 жылқы бағып отыр. Музаффар Хамидов 30 бас жылқыны үй жағдайында бағып отыр. Бұқашықтарды мал өнеркәсіптік бордақылау алаңына өткізген шаруалар  «Маруф» шаруа қожалығының иесі Маруф Азимов– 200 бас бұқашық,  «Нарбет» шаруа қожалығының иесі Нұржан Жүсіпбаев — 202 бас бұқашық өсіріп отыр. Ангус етті бағыттағы бұқашықтар тез семіретіндігімен мәлім. Тауарлы балық өсіруші Жансая Борисова  50 тонна балық өнімін өндірді.

Иассы ауылдық округі бойынша 4 жүйе құраушы кәсіпорындар «Түркістан» СПК, «Нұр-Сармат» ЖШС, «Алимхан-ата» шаруа қожалығы «Маруф» шаруа қожалығы жемісті жұмыс жасауда.

Құрама жем өндіру кәсіпорынының басшысы Сулейман ата шаруа қожалығының иесі Маматжан Азимовтың құрама жем шығаратын ғимаратының құрылысы бітіп, құрама жем шығаратын құрал жабдықтарын әкелу үшін Ресей федерациясымен келісім шартқа отырды.