ИСАБЕКОВА ГҮЛБАНУ ИБАДУЛЛАЕВНА ОБЛЫСТЫҚ ЖАРЫСТЫҢ ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ

153

Қазақ зағиптар қоғамдық бірлестігінің 85 жылдығына және «Зағиптар» күніне орай, Қазығұрт ауданы орталығында 2022 жылдың 15 қараша күні «Раян» оңалту орталығы мен «Қазақ соқырлар қоғамы» бірлестігінің ұйымдастыруымен «Өмір маған қымбатсың» атты облыстық іс-шара өтті. Зағип жандар арасында спорттың дойбы, шахмат, тоғызқұмалақ түрлерінен өткен облыстық жарысқа тоғызқұмалақ спорт түрінен Сауран аудандық зағиптар қоғамының өкілі Исабекова Гүлбану Ибадуллаевна қатысып, жүлделі 3-орынды жеңіп алды. Гүлбану Ибадуллаевна ұлттық спортымыз тоғызқұмалақты жас кезінен ойнайтынын бірнеше облыстық жарыстардың жеңімпазы екендігін жеткізді.

Жерлесімізді жеңісімен құттықтаймыз.