САУРАН: АҚПАРАТТЫҚ-НАСИХАТТЫҚ ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗІЛУДЕ.

192

Бүгін аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес, аудандағы этносаралық татулықты нығайту мақсатында Сауран ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі, аудандық «Адами әлеуетті дамыту» бөлімімен және Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ Сауран аудандық филиалымен, Сауран ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің жастар ресурстық орталығымен бірлесіп Сауран ауданы Үшқайық ауылдық округіндегі «А.Усенов» және Жаңа Иқан ауылдық округіндегі «Ұлықбек» атындағы жалпы орта мектептерінің жоғарғы сынып оқушыларымен кездесу өтті.

Кездесу барысында этносаралық келісімді сақтау, жалған ақпараттарды таратудың қоғамға тигізер зияны туралы, жастар бойына отан сүйгіштікті қалыптастыру қажеттілігі жөнінде кеңінен ақпараттық-насихаттық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.