СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ ОТЫРЫС БОЛЫП ӨТТІ

320

Сауран ауданы әкімдігі аппаратының мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары Е.Жанғазиевтің төрағалығымен Сауран ауданы әкімдігінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі отырысы болып өтті. Отырысқа ауылдық округ әкімдері, дербес бөлім басшылары қатысты.

Мәжілістің күн тәртібіне сәйкес, 2 мәселе қаралды. Атап айтсақ, Сыбайлас жемқорлыққа неғұрлым бейім салалардың жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы органдардың басшыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарып жатқан іс-шаралары бойынша аудан әкімдігінің жұмыспен қамту орталығы басшысының міндетін уақытша атқарушы А.Мұсырманқұлов, Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу саласындағы сыбайлас жемқорлықтың жай-күйі туралы аудан әкімдігінің экономика және қаржы бөлімінің басшысы И.Мырзахметов баяндама жасады.

Отырыс соңында айтылған баяндамалардағы мәселелер бойынша аудан әкімінің орынбасары Ербол Ұласбекұлы нақты тапсырмалар беріп, жиынды қорытты.