САУРАН АУДАНДЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ШТАБ МҮШЕЛЕРІ ХАЛЫҚПЕН КЕЗДЕСТІ

229

ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевты қолдау жөніндегі халықтық коалициясының Сауран аудандық қоғамдық штаб мүшелері мен сенімді өкілдері Майдантал ауылының тұрғындармен кандидаттың сайлауалды бағдарламасын талқылай, насихаттау мақсатында кездесу өткізді.

Аталған кездесу Майдантал ауылының «Қаражон» ЖОМ-нің мәжіліс залында өтті.

Жиынға қоғамдық штаб мүшелері Ахметов Сейлхан, Мұсаев Сейдахмет, Раматуллаев Арыслан қатысып, кандидаттың сайлауалды бағдарламасын насихаттап, ондағы басым бағыттар туралы ақпарат берді.

Штаб мүшесі С. Ахметов өз сөзінде елімізде әлеуметтік салада, экономика мен саясатта көптеген жүйелі проблемалар қордаланғанын, азаматтардың билікке сенімсіздігі артқанын атап өтіп.

Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Кемелұлының «Әділеттілік идесы біздің әрбір шешімімізден, әрекетімізіден көрініс табады. Адам мемлекет үшін емес, мемлекет адам үшін» формуласын берік ұстанамыз», — деген сөзін тілге тиек етіп, ауыл тұрғындарын алдағы саулаға белсене атсалысуға шақырды.

Майдантал ауылының жұртшылығымен кездесу барысында аудандық қоғамдық штаб мүшесі С. Мұсаев өңірлерді дамыту, ең алдымен, ауылдағы тұрмыстың жайлы болуы үшін ұсынған шаралар туралы айтып берді.

Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауына сәйкес Мәдениет қызметкерлері, қорықшылар, кітапханашылар, көлік жүргізушілердің жалақысы 2022-2025 жылдар аралығында 20 пайызға арттыру тапсырылғандығы, қарапайым еңбек адамының еңбегін бағалау, сәйкесінше еңбекақы төлеу, қоғамдағы рөлін дкөтеру жайында сөз болды.

Кездесу соңында сенімді өкілдер жиналған қауымды еліміздің болашағы үшін алдағы сайлауда белсенділік танытып, Қ.К.Тоқаевқа дауыс беруге шақырды.