«ТҰРАН» ШҚ ҰЖЫМЫ СЕНІМДІ ӨКІЛДЕРМЕН ЖОЛЫҚТЫ

367

Бүгін ҚР Президенттігіне үміткер Қ.К.Тоқаевты қолдау жөніндегі халықтық коалициясының Сауран аудандық қоғамдық штаб мүшелері Қарашық ауылындағы «Тұран» ШҚ ұжымымен кандидаттың сайлауалды бағдарламасын талқылау үшін кездесті.

Халықтық коалицияның аудандық қоғамдық штаб мүшесі Ақай Тілес Қ.К.Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасындағы басымдықтарды баяндап, алдағы уақытта елімізде әлеуметтік саланың дамуына басымдық берілетіндігін жеткізді.

— Алдағы үш жыл ауылдық аймақтарды барынша дамытуға арналады. Ауылдағы тұрмыстың қаладағы сияқты жайлы болуына күш салынады және игерілмей бос жатқан жерлерді мемлекеттің меншігіне қайтару жұмыстарын тың қарқынмен жалғастырылатын болады. Бастысы ауылдық жерлерді дамытудың кешенді тұжырымдамасы қабылданып, «Қуатты өңірлер – қуатты ел» қағидасы мемлекеттік саясаттың басты бағыты болып қала береді, — деді ол.

Кездесуде аудандық қоғамдық штаб мүшесі Азизбек Хабибуллаұлы сайлауалды бағдарламаға сәйкес жүзеге асатын жұмыстармен оның ішінде қарапайым еңбек адамының мәртебесін көтеруге, еңбекақысының атқарған жұмысына сай төленуі керектігіне баса назар аударылатынын және «Әділетті Мемлекет» құру жолында алдағы атқырылатын жүйелі жұмыстар жайлы тарқатып айтты.

Кездесу соңында штаб мүшелері «Тұран» ШҚ ұжымын Қ.К.Тоқаевқа дауыс беруге шақырды.