ХАЛЫҚТЫҚ КОАЛИЦИЯ ӨКІЛДЕРІ АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

229

ҚР Президенттігіне үміткер Қ.К.Тоқаевты қолдау жөніндегі халықтық коалициясының Сауран аудандық қоғамдық штаб мүшелері Ораңғай ауылының тұрғындарымен кездесті.

Кездесудің мақсаты — ҚР Президенттігіне кандидаттың сайлауалды бағдарламасын насихаттау.

Ораңғай ауылындағы Қазыбеков атындағы ЖОМ-нің мәжіліс залында өткен іс-шараға аудандық қоғамдық штаб мүшелері Мәткәрімұлы Әбсамат, Сапаров Құсбек, Ибадуллаева Гулнар, Досманов Жубан қатысты.

Қасым-Жомарт Кемелұлының «Әділеттілік идесы біздің әрбір шешімімізден, әрекетімізіден көрініс табады. Адам мемлекет үшін емес, мемлекет адам үшін» формуласын берік ұстанамыз», — деген сөзін тілге тиек штаб мүшелері сайлауалды бағдарламаның басым бағыттары бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, ауылды жерлерді кешенді дамытудың тұжырымдамасына тоқталды.

Кездесу барысында Қ.К.Тоқаевтың стратегиялары Қазақстанды дамытуды көздейтіндігі айтылып, кандидаттың әділдік және өрлеу қағидаттарын кеңінен насихаттады.

««Қуатты өңірлер – қуатты ел» қағидасы мемлекеттік саясаттың басты бағыты болып қала береді. Өңірлік саясат әділетті болса, ірі қалалардағы және шағын ауылдардағы жұрт жайлы өмір сүреді», — деген Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзіне баса мән берген Әбсамат Мәткәрімұлы, ауыл тұрғындарының қолайлы ортада өмір сүрулері үшін жақсы жағдай жасалатындығына сенетіндігін және ол үшін Қ.К.Тоқаевты қолдау керектігін жеткізді.

Сонымен қатар, аудандық штаб мүшесі Сапаров Құсбек алдағы Президент сайлауы ел ертеңіне ықпал ететін маңызды науқан екенін айтып, әрбір азаматты біртұтас Қазақстан халқының ажырамас бөлшегі ретінде алдағы науқанға белсене атсалысуға шақырды.