ШОРНАҚ АУЫЛЫНДА «ЕСІКТЕН ЕСІККЕ» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

427

Бүгін «Есіктен есікке» акциясы аясында үнпарақтар тарқатқан ҚР Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың сенімді өкілдері Шорнақ ауылында болып, сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

Күннің суығына қарамастан штаб мүшелері мен сенімді өкілдері және белсенді жастар тағдыр шешті сәтте ауыл тұрғындары және мәдениет саласының өкілдері таңдау жасауда қателеспес үшін аянбай еңбек етуде. Себебі ел болашағы Қасым-Жомарт Кемелұлымен бірге жарқын әрі қауыпсіз болмақ.

Мәдениет саласының өкілдеріне Жаңа Қазақстанды құрудың үш негізгі қағидаты: Әділ мемлекет, Әділ экономика және Әділ қоғамды құруға негізделген сайлауалды бағдарламасы таныстырылып және онда еңбек адамының өзекті мәселелері мен олардың мәртебесін көтеру жайлы, ауылды жерлерді кешенді дамытудың тұжырымдамасы мен жастар үшін жасалынатын бастамалар туралы айтылды.

Сондай-ақ, ҚР Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың ресми сайты toqaev2022.kz іске қосылғандығын және бұл платформада кандидаттың өмірбаянымен, оның сайлауалды бағдарламасымен және т.б. ақпараттармен танысуға болатындығын түсіндірілді.

Сенімді өкілдер алдағы жеті жылда ел экономикасына 150 млрд доллар шетелдік инвестиция тартылатындығы, инфрақұрылымды ауқымды түрде жаңғырту жұмысы жүргізу арқылы тұрақты жұмыс орындарын ашу көзделгені, игерілмей жатқан жерлер мемлекетке қайтару жұмыстары қарқынды жүргізілетіндігі, суармалы жерлердің ауқымы кеңейіп, су құбырлары жөндеуден өтетіндігі туралы да сөз қозғады.

Үнпарақтар таратқан жастар мәдениет саласының өкілдерін Қ.К.Тоқаевқа дауыс беруге шақырды.