ДАЙЫНДЫҚ ТАЛҚЫЛАНДЫ

196

Үстіміздегі жылдың 20-қарашасына белгіленген Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына дайындық шаралары Орталық сайлау комиссиясының күнтізбелік-жоспарына сəйкес жүргізіліп келеді. Өткен аптада Түркістан облыстық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Əміриддин Əлішов, комиссия мүшелері Данияр Оразымбетов, Баян Өтемалиева бастаған топ Сауран, Түркістан аумақтық, учаскелік сайлау комиссияларымен семинар кеңес өткізді. Басқосу барысында «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» конституциялық заңды оқып-үйренуге мəн берілді. Комиссия мүшелерінің міндеттері мен құқықтары, жауапкершіліктері сөз болды. Барлық комиссия мүшелері тапсыратын сайлау алды тест сұрақтары талқыланды. Сұрақ-жауап ретінде өткізілген семинар-кеңес сайлауға дайындық өткізу кезеңінде кездесетін кейбір сəттерді егжей-тегжей көріп, қатысушылар өз пікірлерін білдірді.

Жиында мүмкіндігі шектеулі жандардың сайлауға қатысуы тереңінен əңгіме болды. Оларға жағдай жасау, қарастыру да тілге тиек етілді.

Күн тəртібіндегі мəселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.

«Сауран-ақпарат».