ҰСТАЗ ЖЕТІСТІГІ — МЕКТЕП МӘРТЕБЕСІ

160

«Адамның адамшылығы – жақсы ұстаздан» деп ұлы Абай айтқандай, ұстаз тәрбиесі мен өнегесі шәкірттің болашақ азығы. Жақсы ұстазға кезігіп, тәлім-тәрбие алған шәкірт өмір майданында мойымай күресіп, болашақ жолдарда бағытынан таймасы анық. Ұрпаққа тәрбие беру, білім нәрімен сусындату – екінің бірінің қолынан да келе бермейді. Сондықтан, ұстаз болу – жүректің батырлығы деп бағалауға болады. Осындай білікті де білімді ұстаздарымыз өз уақыттарын аямай, шәкірттерге білім нәрін беріп келе жатыр. Тәуелсіз еліміздің білімді ұрпақтарын тәрбиелеп, білім беру мақсатында еңбек етіп келе жатқан ұстаздардың бірі Түркістан қаласы, Ахмет Байтұрсынов атындағы №1 мектеп-лицей коммуналдық мемлекеттік мекемесі, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, музыка пәні мұғалімі Тажидин Қожаков педагог-сарапшы.

Тажидин Қожаков еңбек жолын 2007 жылы М.Жұмабаев атындағы №15 мектеп-гимназиясында музыка пәні мұғалімі болып бастаған. 2014 жылы А.Байтұрсынов атындағы №1 мектеп-лицейіне музыка пәні мұғалімі болып қабылданған. 2018 жылы директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметіне ауысып, осы жылдар аралығында көптеген алғыс хаттармен марапатталған.  Еңбек жолында «Ең білімді педагог-2020» пәндер олимпиадасынының жеңімпазы, «USTAZ tileqi» республикалық ғылыми-әдістемелік орталығының сертификаты, «Ең білімді педагог-2020» пәндер олимпиадасынының жеңімпазы, «Ең білімді педагог» беделіне ие болып, алғысқа бөленген. Республикалық өрлеу порталынан алғыс хат, Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі «Өрлеу» БАҰО АК бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты, елеулі еңбегі үшін Құрмет грамотасы, «Дарабоз» ІІ республикалық байқауына алғыс хат, «Qaztest.kz» сайтыда Музыка пәнінің мұғалімдері қашықтық олимпиадасының ІІІ дәрежелі дипломы, Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі «Өрлеу» БАҰО АК бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтынан сертификаттарымен марапатталған.

Халқымыз әрқашан да ұстаз мәртебесін көтеріп, аса жоғары қастерлеп, бағалаған. Ұлы Абай «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға», «Адамның адамшылығы жақсы ұстаздан болады»-деген. Ал, чех педагогы Я.А. Коменский: «Мұғалім мәңгі нұрдың қызметшісі, ол барлық ой мен қимыл әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп, нұр құятын тынымсыз жалын иесі»- деп, ұстаздар қауымын жоғары бағаласа, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың: «Елдің болашағын білімді ұрпақ айқындайды. Өйткені елдің ертеңгі тірегі – жастар. Олар заман талабына сай тәрбиеленуі тиіс»-деген сөзі ұстаздар қауымына үлкен жауапкершілік артып отыр. «Ұстаздан шәкірт озар» демекші, оқушыларының да жетістіктері аз емес.

Республикалық Өрлеу порталы І дәрежелі дипломмен 5-сынып оқушысы Бейсенбі Айбарлы, Республикалық  дарынды балалар мен жасөспірімдер арасындағы өнер байқауынан дипломмен Тастанбек Құралай І орын жүлдегері, «Бақытты елдің ұрпағы» қоғамдық қоры, Республикалық «Дала сазы» байқауында «Болашақ» квартеті Салқынбек Мейрамбек І орын, Оңтүстік Қазақстан облыстық мектеп оқушылары арасында «Нұрлы жол –болашаққа бастар жол» өнер фестивалінде хор тобы ерекше мадақтамамен марапатталған. Осындай өз кәсібінің майталмандары барда оқушылардың болашақта еліміздің нағыз азаматы болып шығатыны белгілі.