АЛМАТЫЛЫҚ ДӘРІГЕРЛЕР ЕКІ КЕЗЕҢДІ ОТА ЖАСАДЫ

246

Алматылық дәрігерлер Түркістан қаласының нәрестесіне жоғары еріннің, қатты және жұмсақ таңдайдың туа біткен екі жақты жабу бойынша (хейлопластика, уранопластика) күрделі екі кезеңді ота жасады.

Нәресте «Ақмарал» аурухана мекемесіне тіркелген, анасы нәрестеде сору және жұтыну қызметі бұзылуына байланысты хирург дәрігеріне жүгінген,  дәрігерлер оны тездетіп Алматы қаласындағы Рахат қалалық көппрофильді ауруханасының жақ бет хирургиясы бөлімшесіне жоспарлы түрде жатқызу туралы шешім қабылдады. Тексеру барысында нәрестеде сору және жұтыну қызметі бұзылуы анықталды.

Ерін мен таңдайдың жырықтары — ұрықтың дамуы кезінде бетінде пайда бола-тын туа біткен ауытқулар. Жарық көрінуі мүмкін және медициналық, мінез-құлықтық және әлеуметтік қиындықтарға әкелуі мүмкін. Патологияның себептері келесідей:

— Тұқым қуалайтын бейімділік — жарықпен туылған адамда бұл жағдайды 7-10% жағдайда баласына беру мүмкіндігі бар.

— Жүктіліктің бірінші триместрінде анасы жіберген вирустық генездің аурулары (қызамық, цитомегаловирус, герпесвирус инфекциясы, токсоплазмоз).

— Бала көтеру кезіндегі әйелдің тұрғылықты жеріндегі ауыр экологиялық және радиациялық жағдай.

— Созылмалы аурулар және олардың фонында тератогендік әсері бар дәрілерді қолдану.

— Ананың жаман әдеттері (алкогольді шамадан тыс пайдалану, темекі шегу, есірткіні пайдалану).

Хирург мамандар соңғы әдісті пайдалана отырып,  туа біткен ақауды екі кезеңмен хейлопластика және уранопластика көмегімен ерін мен таңдайға ота жасалды, 2 сағатқа созылған ота міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) пакеті шеңберінде жасалды.

Операция сәтті өтті, қазір пациенттің жағдайы жақсы, хирургиялық манипуляциядан кейін нәрестеде ешқандай ауытқушылық пайда болған жоқ.

Дәрігерлердің айтуына қарағанда, мұн-дай туа біткен ағзадағы ақаулар мен өзгеріс-терге, қоршаған ортадағы жағымсыз фак-торлардың организмге кері әсеріне байла-нысты туындайды. Сонымен қатар маман-дар оның тұқым қуалайтынын да жоққа шығармайды.