ИНФОРМАТИК МАМАНДЫҒЫ — ҮЛКЕН СҰРАНЫСҚА ИЕ

484

Қазіргі таңда елімізде өте сұранысқа ие мамандықтың бірі – компьютерлік бағдарламашылар. Олар бірнеше халықаралық тілдерді меңгеріп, біліктілігін шыңдай түссе, әлемге танымал концерндер мен ірі компанияларды тұрақты қызмет атқара алады. Біз Түркістан қаласы Ахмет Байтұрсынов атындағы №1 мектеп-лицей коммуналдық мемлекеттік мекемесінің информатика пәнінің мұғалімі Тасыбаев Жандос Есенбекұлына жолығып, ғылым магистрі, педагог-сарапшы екендігін сұрап білдік.

Жандос Есенбекұлы 1982 жылдың 25 ақпанда Түркістан қаласында дүниеге келген. 1999 жылы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетіне Есептеу техникасы және автоматтандырылған жүйелерді бағдарламалармен қамтамасыздандыру мамандығына түсіп, білім ордасын 2004 жылы тәмамдаған. 2013 жылы Информатика мамандығына түсіп, 2015 жылы Информатика магистрі дәрежесін алған. 2019-2021жылдары Шымкент университетінде информатика пәнінің мұғалімі мамандығын аяқтады.

— Еңбек жолымды 2004 жылы Қазақ-Өзбек Инженерлік Гуманитарлық университетінде «Математика және информатика» кафедрасында оқытушы болып бастадым. 2005 жылы Қазақстан Халықтар Достығы университетінің «Математика және информатика» кафедрасы меңгерушісінің міндетін атқарушы қызметін атқардым. 2006 жылы Қазақ-Ресей университетінде «Информатика» кафедрасында оқытушы болдым. 2006-2013 жылдары Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, «Бағдарламалармен қамтамасыздандыру» кафедрасында оқытушы қызметін атқардым. 2013-2016жылдары «Компьютерлік инженерия» кафедрасында оқытушы, 2016-2020 жылдары «Өлшеу және бағалау» бөлімінің жетекші маманы, әдіскері, сектор меңгерушісі болып қызметтерін атқардым, — дейді Жандос Есенбекұлы.

Осы жылдар аралығында университет президентінен бірнеше Алғыс хатпен марапатталған. 2020 жылдан бері қазіргі таңда Ахмет Байтұрсынов атындағы №1 мектеп-лицейінде қызмет етеді. Жоғары білікті маман Жандос Есенбекұлы өз саласының білікті маманы болып қана қоймай, қашанда біліктілігін көтеріп, түрлі сайыстар мен байқауларға қатысып келеді. Ол 2016 жылы «Жаңа формацияда кәсіптік білім берудің өзекті мәселелері» атты IV-дәстүрлі Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясында жасаған баяндамасы үшін сертификатқа ие болды. Осы жылы Алматы қаласында өткен Жоғары оқу орны студенттері арасындағы VІІІ Республикалық пәндік олимпиаданың ІІ кезеңіне қатысушыларды даярлағаны үшін Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің командасының жетекшісі ретінде Алғыс хатпен марапатталды. 2020 жылы «Информатика пәнін білім беру ұйымдарында оқытудың теориясы мен әдістемесі» тақырыбында 72 академиялық сағат көлемінде қашықтықтан біліктілікті арттыру курсының сертификатына ие болды. Осы жылы жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары педагог қызметкерлерінің педагогикалық шеберлігін дамыту, кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында өткізілген «Ең білімді педагог-2020» IV республикалық пән олимпиадасының сертификатына қол жеткізді.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығы Білім беру жүйесіндегі тестілеуді ұйымдастыру мен өткізудегі жүктелген міндеттерді жоғары кәсіби деңгейде және белсенді атқарғаны үшін министрліктің Алғыс хатына ие болды. 2020 жылы тәжтажал індеті елді жайлап алған кезеңде, әлеуметтік желі арқылы оқытуды да меңгерді. Сол кезде www.edulife.kz Республикалық қашықтық олимпиада сайты Информатика пәнінен ұйымдастырған онлайн олимпиадасына қатысты. Алматыдағы «Bilgen» ұлттық авторлық әдістеме және бағалау орталығының «TANYMGER Tech» информатика және бағдарламалау бойынша мұғалімдердің онлайн олимпиадасына қатысып сертификатқа ие болды. Тұрақты түрде біліктілігін жетілдіріп отыруына нәтижесінде 2020 жылы «Ustaz tilegi» ғылыми әдістемелік орталығы ұйымдастырған республикалық Информатика пәнінен ұстаздар арасында олимпиадасының жеңімпазы І-дәрежелі жүлдесін иемденді. Осылайша, арада көп өтпей «Ustaz tilegi» ғылыми әдістемелік орталығы ұйымдастырған Халықаралық Информатика пәнінен ұстаздар арасында олимпиадасының жеңімпазы І-дәрежелі дипломымен марапатталды. «USTAZ TILEGI» республикалық ғылыми-әдістемелік орта-лығы, Түркістан облысы бойынша информатика пәні-нен ұстаздар арасында олимпиадасының жеңімпазы, І дәрежелі дипломына қол жеткізді. Өзін ғана шыңдап қоймай, мектеп оқушыларын осындай халықаралық байқауларға әзірлегені үшін де еңбегі ескерілді.

2020 жылы Ұстаз тілегі (UST.KZ) Республикалық информатика пәнінен 8 сыныптар арасында олимпиадаға 8 «ә» сынып оқушысы Ұлдана Серікқызын әзірлеп ол ІІІ дәрежелі дипломға ие болды. Осы жылы республикалық информатика пәнінен 8 сыныптар арасында олимпиадаға жеңімпаздарды дайындағаны үшін министрліктің Алғыс хатымен марапатталды. Ұстаз тілегі (UST.KZ) Халықаралық информатика пәнінен 8 сыныптар арасында олимпиадалық байқауда шәкірті 8 «а» сынып оқушысы Балнұр Өсербайқызы ІІІ дәрежелі дипломға ие болды. Осыған байланысты Халықаралық информатика пәнінен 8 сыныптар арасында олимпиадаға жеңімпаздарды дайындағаны үшін министрліктің Алғыс хатына ие болды. 2020 жылы www.nio.kz Республикалық Ұлттық Интернет Олимпиада сайтында мұғалімдерге арналған информатика пәнінен ұйымдастырған қашықтық олимпиадасының сертификатына ие болды. 2020 жылы www.edulife.kz республикалық қашықтық олимпиада сайты Информатика пәнінен ұйымдастырған онлайн олимпиадасының да сертификатын иемденді.

Республикалық www.Edulife.kz Республикалық ұстаздарға арналған онлайн әдістемелік сайты педагогика пәні бойынша ұйымдастырған «Үздік педагог» онлайн олимпиадасы, ІІ дәрежелі дипломына ие болды. Республикалық www.Edulife.kz Республикалық ұстаздарға арналған онлайн әдістемелік сайты ұстаздар арасында ұйымдастырылған қашықтық олимпиадасына белсенді қатысып, жоғары нәтиже көрсеткені үшін Алғыс хатқа ие болды. Арада жыл өтпей Республикалық www.Edulife.kz онлайн әдістемелік сайты «Үздік мақала» атты онлайн конкурс жүлдегері, ІІ дәрежелі дипломын алды.

Республикалық www.Edulife.kz онлайн әдістемелік сайты «Үздік сабақ презентациясы» атты онлайн конкурс жүлдегері, ІІ дәрежелі дипломына ие болды. 2021 жылы Ұстаз тілегі ғылыми-әдістемелік орталығы ұйымдастырған Информатика пәнінен ұстаздар арасындағы онлайн блиц-турнирдің І дәрежелі дипломына қол жеткізді. Осы жылы Нұр-сұлтан қаласы. vpo.kz сайты мұғалімдер арасында ұйымдастырған «Информатика» пәнінен республикалық виртуальды-олимпиада жүлдегері атанып, ІІ дәрежелі диплом алды.

Жандос Есенбеқұлы Түркістан қаласындағы мұғалімдер арасында жиі өткізілетін қоғамдық шараларға да белсене қатысады. Мәселен, 2021 жылы 7-мамыр Отан қорғаушылар мерекесіне, ел игілігі және оның болашағы жолындағы қосқан үлесі мен қажырлы еңбегі үшін Түркістан қаласының «Адами әлеуетті дамыту бөлімі» Жас ұрпаққа сапалы білім мен тәрбие берудегі еселі еңбегі, қол жеткізген кәсіби табыстары және білім беру саласына қосқан үлесі үшін Құрмет грамотасымен марапатталды. Осы жылы Қазақстан Республикасы кәсіби деңгейі жоғары және шығармашыл, талантты педагогтар арасында ұйымдастырылған «Пән олимпиадасының үздік педагогы-2021» атты республикалық олимпиадасының бас жүлдесін иемденіп, төс белгісін омырауына тақты. «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми-әдістемелік педагогикалық жинақта «Wi-MАХ технологиясының жұмыс істеу принципі» атты материалы жарияланды. Ол ұстаз ретінде өзінің біліктілігін үнемі шыңдап қана қоймай жас ұрпақты тәрбиелеуде де жақсы жетістіктерге жетіп келеді. Мәселен, 9 «б» сынып оқушысы Ақжан Абдуллаева мен Жолымбек Құдіретті www.iBilim.kz республикалық онлайн олимпиада мен конкурстар сайты Информатика пәнінен ұйымдастырған онлайн олимпиаданың жүлдегері етіп, ІІ дәрежелі дипломға қолдарын жеткізді.

Ол осылайша, Нұр-Сұлтан қаласында өткен «Білім беру ісінің үздіктері — 2021» республикалық байқауының дипломын алып, төс белгісіне ие болды. Түркістан қаласындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің «Бағдарламалаудың заманауи технологиялары (Python бағдарламалау тілі, Java технологиясы)» атты біліктілікті арттыру курсын,«Цифрлық педагогика» атты біліктілікті арттыру курсын тәмәмдады. Өйткені, ол өзінің сүйетін мамандығына дұрыс таңдау жасаған. Бағдарламашылыққа балаларды да барынша тез үйретіп, замандастарының алдында болуға тырысып келеді. Қашанда жаңалыққа жаны құштар, жастардың тәлімгері, қоғам белсендісі Жандос Есенбекұлының алар асуы әлі алда деп білеміз.