АГРОБЛОГЕРЛЕР САУРАНДЫҚ ДИҚАНДАРДЫҢ ШАРУАСЫМЕН ТАНЫСТЫ

96

Сауран аграрлы аудан. Жері құнарлы, диқандары еңбекқор. Жер ананы емген диқандар үшін биылғы жыл несібесіз емес. Саурандық еңбекқор диқандар да бұйырған өнімін жинап, шығынын өтеп отыр. Аудандағы ауылшаруашылық саласында ілкімді тірлік бар. Ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы Сәкен Оразбаевтың берген мәліметіне сүйенсек, ауданға биыл осы саланың негізгі капиталына тартылған инвестициялар көлемі 11 млрд. 332 млн. теңгеге тапсырма беріліп, 8 айдың қорытындысымен 3 млрд. 973 млн. теңгеге орындалды. Жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 6 есеге артып отыр. Ағымдағы жылы 44 080 гектар жер игеріліп, өткен жылдың тиісті кезіңімен салыстырғанда 2057 гектарға артығымен орындалды.

44 080 га жердің 11 666 гектарына шаруалар мақта еккен. Соның бірі «Дінмұхамед» шаруа қожалығы. Астана мен Алматыдан келген блогерлер мақта алқабымен танысты. Шаруақожалық 418 га жерге мақта еккен. Санаулы күндерде мақтаның алғашқы терімі басталады. Шаруақожалық төрағасы Ділмұрат Қорғанбаевтың айтуынша гектарына 35-40 центнерден өнім аламыз деп отыр. Биыл мақтаның жағдайы орташа. Өнім көл көсір болмаса да диқанның маңдай терін ақтайды.

Биыл аудан бойынша 12 га жерге жылыжай өсіру жоспарланған. Жоспар 100% орындалған. Жылыжай өсіріп, табысқа кенеліп отырғандардың бірі «Мұрат» шаруа қожалығы. Үй іргелік жердегі жылыжайға қияр, қызанақ, тәтті болгар бұрышын еккен. Шаруақожалық Мұрат Сәрсенбанвтың айтуынша жылыжайдан гектарына 100 тонна, ал ашық топыраққа егілген капустадан 80 тонна, қызанақ пен тәтті бұрыштан гектарвна 40-50 тонна өнім алған. Агроблогерлер жылыжайдағы әрбір өніммен мұқият танысып, шаруашылық егесіне сұрақтарын қойып, сұқбаттасты.

Бүгін аудан орталығы Шорнақ ауылында ауыл шаруашылық өнімдерінен Агро фестиваль өтті. Оған ауданға қарасты 12 ауыл округтің шаруалары 60 тонна өнім әкелді. Ауыл тұрғындары өнімдерді арзан бағада сатып алды.

Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі