ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ – БАСТЫ НАЗАРДА

110

2022 жылғы 1 қыркүйекте Мемлекет басшысының «Қазақстан Жаңа нақты ахуалда: іс-қимыл уақыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында Астана қаласындағы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы бағдарламалар офисінің қолдауымен бүкіл республика аумағында қауіпсіздікті қамтамасыз етуде сервистік тәсілдерді енгізу тетіктерін масштабтау міндетін қойған болатын.

Мемлекет Басшысының Жолдауын іске асыру және Түркістан облысының аумағында пилоттық жобаны масштабтау мақсатында барлық аудан, қалаларда қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ведомствоаралық топтар құрылып, жарғысы, жұмыс жоспары бекітілген.

2023 жылдың 13 қаңтарында Сауран ауданы әкімдігінің жанынан қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде сервистік тәсілді енгізу жөніндегі ведомствоаралық топ құрылып, жарғысы, жұмыс жоспары бекітіліп, өз жұмыстарын бастап кеткен болатын. Қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі сервистік тәсіл — бұл азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында қылмысқа қарсы тиімді күрес жүргізу және халықтың билік органдарына сенімін арттыру үшін мемлекеттік органдар мен қоғамның тығыз ынтымақтастығын білдіретін ұйымдастырушылық стратегияны жүзеге асыру бағытында жұмыс жасайды.

Осыған орай, Түркістан облысы әкімі аппаратының мемлекеттік құқықтық бөлімінің бас инспекторы Ләззат Бекеева бастаған топ, құрамында Түркістан облыстық қоғамдық кеңестің мүшесі, облыстық ведомствоаралық топ мүшесі Зуппархан Чалданов, Түркістан облысы ПД-не бағынысты айдауыл взводының арнайы топ полицейі, ведомствоаралық топ мүшесі Сүлейман Пірметов, Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасы облыстық қосымша білім беруді дамыту орталығының ұйымдастырушы мұғалімі, облыстық ведомствоаралық топ мүшесі Оразгелді Абишов Сауран ауданына келіп, арнайы жиын өткізді.

Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары Серік Садибаев пен Мақсат Таңғатаров облыстан келген арнайы жұмыс топ мүшелеріне Сауран ауданында құрылған қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ведомствоаралық топтың атқарған жұмыстарының барысымен таныстырды. Кездесу барысында Түркістан облысы әкімі аппаратының мемлекеттік құқықтық бөлімінің бас инспекторы Ләззат Бекеева мен Түркістан облыстық қоғамдық кеңестің мүшесі, облыстық ведомствоаралық топ мүшесі Зуппархан Чалданов Мемлекет Басшысының Жолдауын іске асыру және Түркістан облысының аумағында пилоттық жобаны масштабтау мақсатында жергілікті жерлерде құрылған қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ведомствоаралық топтардың жұмысы өте маңызды екенін жеткізді. Жиыннан соң облыстық ведомствоаралық топ мүшелері Сауран ауданы әкімдігіндегі аудандық ведомствоаралық топтың жұмыс кабинетін көріп, жұмысты жандандыру бағытында ой пікірлерімен бөлісті.