“АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМНЫҢ БІРЛІГІН “АСАР” ӘДІСІ КӨРСЕТЕДІ…”

296

Түркістанның түрленуі Түркістанның 1500 жылдық мерей тойынан басталғаны әмбеге аян. Сол кезде Әзірет Сұлтан кесенесі маңайын абаттандыру мен жол салу ісі азаматтық қоғамның атсалысуымен, яни,  Асар әдісімен жүргізілді. Сол кездегі Түркістан қаласының әкімі Өмірзақ Әмет қарапайым халықты ортақ іске жұмылдыра білді. Түркістан халқы ел игілігі жолындағы ортақ іске жұмыла атсалысуды ортақ борыш санады. Бұл да болса, Түркістан қаласындағы халықтың азаматтық қоғам ісіндегі белсенділігі мен бірауыздылығын байқатады. Көне Түркістанды көркейту үшін жергілікті жұрт жыл он екі ай көшет ағашын егіп, сенбілікке шығуды әдетке айналдырғаны қуантады.

Асар әдісіне бастамашы болған Өмірзақ Әметтің сол кездегі іскерлігі жайлы бұдан бұрын былай деп жазғаным бар:

“Әр әкімнің жұмыс істеу тәсілі бар. Сөзбен орақ оратын әкімдер бар, үндемей-ақ, үлкен іс бітіретін әкімдер бар. Өмірде көп адамға шарапаты тиген жақсы әкімнің бірі-Өмірзақ Әмет! Ол, сөздің емес, істің адамы. Елге іскерлігімен танылған әкімнің бірі болды. Ордабасыда әкім боп жүріп, заманауи үлгідегі аудандық аурухананы салдыруға бастамашы болды. Темірланға Мұхтар Әлиевті шақыртып, шарапаты тигенін несіне жасврамыз. Түркістанның 1500 жылдық мерейтойын өткізуге белсене атсалысты. Сансыз баптар мекені Сайрамда “Яссы” футбол командасын құрды. Шымкентте де әкім болды. Шымкентте тақыр жерден 415 үй салғызып, “Достық” шағын ауданының іргетасын қалады. Бюджеттен бір тиында жұмсамай, демеушілер тартты. Және сол 415 үйді шын мұқтаж жандарға берді. Қазіргі уақытта сол аялай ғана “Достық” шағын ауданы үп-үлкен тұрғын алабына айналды. Келген әкімдерді мақтай бермей, бір-ауық қызметтен кеткен әкімдердің еңбегін естен шығармаған жөн шығар. Айтпақшы, Өмірзақ Әмет ағамыз 2000 жылдары журналист Қалыбек Атжанның еңбегін елеп, журналистер арасында тұңғыш боп оған Түркістан қаласының “Құрметті азаматы” атағын беріп, бекзаттық танытқаны әлі есте. Жақсы адам-жақсы ағаммен жан семіртер жарты сағат жадыраңқы әңгіме болды. “Жол-жөнекей” жақсы адаммен жүздесіп, жақсы ағаға сәлем берген де жақсы ғой”-деп жақсы ағаның жақсылығын  айтқан едім.

Сол айтқандай Асар әдісі Түркісьанның қазіргі әкімі Нұрбол Тұрашбековтың тұсында да жақсы көрініс табуда. Көркейе бер, Түркістан! Көркейте бер, Тұрашбеков дегіміз келеді!

 

“ARA-ақпапат”

Ерсұлтан Әмірбек,

Журналист