«AMANAT» ПАРТИЯСЫ ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫ БОЙЫНША «ӨЗГЕРІСТЕР ЖОЛЫ: ӘР АЗАМАТҚА ЛАЙЫҚТЫ ӨМІР!»

286

«AMANAT» партиясы Түркістан қаласы бойынша «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын орындау мақсатында Түркістан қаласы әкімдігінің «Жолаушылшар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің» басшысы А.Оспан мен Түркістан қалалық мәслихат хатшысы, «AMANAT»  партиясының мүшесі М.Таңғатаров тікелей эфир барысында, аталған бөлімнің 2022 жылға арналған жоспарымен танысып тиісті төмендегідей ұсыныстар берді:

Жаңадан салынған әлеуметтік нысандарға (мектеп, б/бақша, т.б.) баратын көшелерге асфальт салу;

Көшелерді асфальттауға бөлінген қаржылардан бір көшенің қаржысын қысқартып, су басқан көшелердің мәселесін шешу;

Бірлікте жаңадан салынған мектепке баратын көшеге асфальт салу, көпір салу;

Жарылқапов көшесінен Қазыбек би көшесіне шығу жоспарын комиссия отырысында талдау;

№12, №3, №10 бағыттардың келісім шарт негізінде талаптарды орындауды қадағалау;

Есімхан даңғылына, Ш.Қалдаяқов көшесіне атауларын, тақтайшалар ілу.

Түркістан қаласы әкімдігінің «Жолаушылшар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің» 2022 жылға арналған жоспарын бөлім басшысы таныстырды. Бөлімнің жылдық жоспарын назарларыңызға ұсынамыз.

Орташа жөндеу жұмыстары:

2022 жылы Түркістан қаласына қарасты 44,3 шқ. құрайтын 39 көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Орташа жөндеу жұмыстары жүргізілетін көшелердің басым бөлігі коммуникациялық жүйелері (ауыз су, сарқынды су, газ) толығымен аяқталған, сондай-ақ, қоғамдық көліктер жүретін көшелер болып табылады. Аталғанған жұмыстарды толығымен атқаруға 2 329,0 млн.теңге қаржы қажет. Қазіргі таңда облыстық бюджет есебінен бөлінген қаржы 2 284,0 млн. теңгені құрайды. Қосымша 45,0 млн.теңге қаржы қарауды қажет етеді.

Сондай-ақ, жергілікті бюджеттен орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге 238,9 млн.теңге қаржы қаралған. Бұл қаржыға қосымша қалаішілік 4,5 шқ құрайтын 5 көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.

Тас төсеу жұмыстары:

Түркістан қаласында топырақ жолдардың санын азайтып, тас жолдарыдың саны мен сапасын арттыру мақсатында 130 шқ құрайтын топырақ жолдарға тас төсеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Тас төсеу жұмыстары қажетті қаржы шамамамен 450,0 млн.теңгені құрайды.

Құрылыс және Реконструкциялау:

2022 жылы бөлім тарапынан бірнеше жобалардың құрылыс жұмыстарын бастау жоспарлануда.

Оның ішінде:

  1. Ә.Жангелдин көшесін рекострукциялау жұмыстарын жүргізу. Қазіргі таңда, аталған нысан бойынша, құрылыс жұмыстарын жүргізетін мердігер «ОтауСтрой» ЖШС-мен 1,0 млн. теңгеге шарт түзілген.

Нысанды реконструкциялау жұмыстарына қажетті қаржы — 2 023, 7 млн теңге.

2022 жылы реконструкциялау жұмыстарын бастауға республикалық бюджеттен 482,1 млн.теңге қарастырылған.

Жобаның құрылыс жұмыстары қазіргі таңда бастау алды. Нақтырақ тоқталар болсақ, ауыз су, газ жүйелерінің орнын ауыстыру жұмыстары ұйымдасырылуда. Сондай-ақ, нысанның жобасын түзетуге ұсынуға тиісті жұмыстар жүргізілуде.

  1. І.Қожабаев көшесінің құрылыс жұмыстарын жүргізуге мердігер «АлемТрансЖол» ЖШС-мен 1,0 млн. теңгеге шарт жасалынған.

Нысанның құрылыс жұмыстарына қажетті қаржы 2 792,8 млн.теңге.

2022 жылы реконструкциялау жұмыстарын бастауға республикалық бюджеттен 400,0 млн.теңге қаржы қаралған. Жобаның құрылыс жұмыстарын қазіргі таңда басталды. Жолдың өсім қабаты (растительный слой) алынуда.

  1. Қазыбек би және Жарылқапов көшелері аралығындағы жолдың құрылыс жұмыстарына қажетті қаржы 1 718,2 млн. теңгені құрайды.

Қазіргі уақытта республикалық бюджеттен 400,0 млн.теңге қаржы қаралған. Қазіргі уақытта аталған жолдың құрылысын мердігер «АлемТрансЖол» ЖШС-і бастайды.

  1. Түркістан қаласы Бірлік елді мекенінің Арнасай көшесімен Алғабас көшесінің аралығына «Арыс – Түркістан» каналынан өтетін автомобиль көпірін салу жобасы мемлекеттік сараптамадан (13.10.2021ж №19-0404/21) өткізіліп, жобаның құрылыс жұмыстарына қажетті 99,6 млн теңге қаржы қарауға облыстық бюджеттен сұраныс жасалынған.