ЖЫЛ БОЙЫ ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ САНИТАРЛЫҚ СЕРІКТЕСТЕР ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІП КЕЛЕДІ.

329

Жалпы қала аумағында 845 шақырымды құрайтын 875 көше болса, оның 787 көшесіне санитарлық тазалық жұмыстары жүргізіледі.

Қалған көшелер — қаланың ең шеткі аумақтарында орналасқан жаңа құрылыс аумақтары. Оларда тазалық жұмыстары үйлер толық салынып, көше қалыптасқан кезде басталады.

СОНЫМЕН…

787 көшенің 136 көшесі механикалық жолмен тазаланса, қалған 651 көшенің қоқысы қол күшімен алынады.

Механикалық жолмен тазаланатын 787 көшенің 39-ы — орталық маңызы бар көше.

«Түркістан Жарық Тазалық» ЖШС қаланың орталық көшелеріне қызмет көрсетсе, «ШымкентСпецКомплекс» ЖШС-гі әкімшілік іскерлік орталығы, рухани мәдени орталық және шеткі көшелерді тазалайды.

«Түркістан Жарық Тазалық» ЖШС-мен «ШымкентСпецКомплекс» ЖШС-сы, көшелерді тазалау жұмыстарын «Инфрақұрылым және коммуникациялар бөлімі» ММ тарапынан бекітілген кестеге сәйкес, 1 санаттағы көшелерді — күнделікті, 2- санаттағы көшелерді — аптасына 2-3 рет, ал шеткі көшелерді аптасына 1 рет жүргізеді.