ТҮРКІСТАНДА БАТЫР АНАЛАР ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ

262

 

Бүгін қала әкімінің орынбасары Ерлан Бақытжанұлы Күзембаев көпбалалы аналарды қабылдап, «Алтын алқа», «Күміс алқа» белгілерін табыстады.

Марапаттау рәсімінде қала әкімінің орынбасары аналарды құттықтап, жылы лебізін білдірді.

“Отбасы шағын мемлекет десек, сол мемлекеттің болашағын тәрбиелеп, өсіріп отырған сіздер, аяулы аналар. Сіздер табиғат сыйлаған табандылық пен іскерліктің, шыдамдылық пен қажырлы қайраттың арқасында әр салада қызмет етіп, тек қана ұл-қыздарыңызға ғана емес, жан-жаққа үлгі болып жүрсіздер! Сондықтан алдағы уақытта сол еңбектеріңіздің жемісін көріп, балаларыңыздың қуанышына тоймай жүре беріңіздер. Барлығыңызға денсаулық, бақыт, отбасыларыңызға амандық тілеймін,”-деді, Ерлан Бақытжанұлы өз сөзінде.

Шаһарда жыл санап алтын және күміс алқа иегерлерінің қатары артуда. Бұл еліміз үшін өте қуанышты көрсеткіш. Биылғы жылғы көрсеткіштерге сәйкес, қаламызда 405-батыр ана бар. Оның 97-алтын алқа, 308-күміс алқа иелері.

Бүгін міне 12 алтын құрсақты аналарымызға алтын және күміс алқа табысталып отыр.