“ҮЙДЕ ТЫНЫШ БОЛСА, СЫРТТА ТЫНЫШ…”
Қаңтардың қаһарлы күндері басымызға түскен қаралы күндері енді қайталанбауы керек. Елімізде болған бұл жағдай менің жүрегімді ауыртты. Әр уақытта елдің тыныштығы керек.
Осы тұста Ататүріктің «Үйде тыныш болса, сыртта да тыныш» деген сөзі де еске оралады. Ендеше бірлік, татулық арқылы тұрақтылық қамтылып, ол Тәуелсіздігімізді берік ете түсері сөзсіз. Сондықтан да, әсіресе, жылдар бойына жалғасып келе жатқан дінаралық, ұлтаралық қақтығыстар бойынша әлемдік дипломатияның небір озық үлгілері де отты нүктелердің шоғын сөндіре алмай отырғанына әлем жұртшылығы куә. Ендеше, осындай дамуға кері әсер беретін құбылыстарды сараласақ, бірлігі, ынтымақтастығы жарасқан елде ғана тіршілік қайнап, тұрақтылық сақталып, болашақ дамуы да баянды болмақ. Рухы биік, намысы берік бабаларымыздың маңдай термен,қыршын ерліктерімен келген тәуелсіз күніміздің аманатын сақтау, әрбір азаматтың борышы!
Султанов Юлдаш Шадибайұлы
Түркістан облыстық тәжік этномәдени бірлестігінің төрағасы