Қадиров Шәріп Аташбекұлы

476

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шымкент қаласы бойынша Департаментінің басшылығы, ардагерлер Кеңесі және жеке құрамы Сізді 80 жасқа толуыңызға байланысты шын жүректен құттықтаймыз!

Сіз 1972  жылы КГБ-ның 2 жылдық Жоғарғы курсын бітіріп, 1988 жылға дейін Оңтүстік Қазақстан обылысының Мемлекеттік қауіпсіздік Комитетінің бөлім бастығы қызметін атқардыңыз. 1988-1992 жылдары Гурьев, қазіргі Атырау облыстық МҚК басқармасында бөлім бастығы қызметінен отставкаға шықтыңыз. 

Еліміздің Мемлекеттік және Ұлттық қауіпсіздік Комитетінде қызмет атқарған мерзімде өзіңізді кәсіби дайындалған, ынталы, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары басшы ретінде таныта білдіңіз. Қызмет барысында, халықпен қарым-қатынаста Сіз қашанда кішіпейілдісіз, қайырымдысыз және қарапайымсыз,  ұжымда сыйлысыз.

Отставкаға шыққаннан кейін 1993 жылдан 2007 жылға шейін Түлкібас ауданы әкімінің аппаратында бөлім бастығы, Жаскешу ауылдық округінің әкімі болдыңыз.

Еңбек жолдарында көптеген орден-медальдармен, грамота, алғыс хаттармен марапатталдыңыз. Оның ішінде 1977 жылы шетел барлау қызметіне қарсы сәтті өткізген операция үшін «Қызыл Жұлдыз» орденімен, 1990 жылы КСРО МҚБ Төрағасының грамотасымен, Түлкібас ауданы 90 жылдығы, КНБ 30 жылдық медалімен, облыстық Мәслихат грамотасымен марапатталғансыз. Түлкібас ауданының «Құрметті азаматысыз».

Сізді құттықтай отырып, Отан алдындағы әскери міндетін толығымен мінсіз орындап шыққан, ұлт қауіпсіздігі жолында қиын да, қыстау жолдарда абырой мен ар тазалығын сақтай білген офицер ретінде құрмет тұтатынымызды білдіреміз.

Бүгінгі мерейлі жасқа толған туған күніңізбен құттықтай отырып, Сізге және жұбайыңыз Венера Абдуллақызына, от-басыңызға береке, имандылық пен ұзақ ғұмыр тілейміз!

Қашанда Сіздің айналаңызды өзіңіз өсірген ұл-қыздарыңыз, немере-шөберелеріңіз және жаны жайсаң, мейірімді, ұлтын шын сүйген жандар қаумалай берсін!

Шығар шыңдарыңыз әрқашанда биік болғай!

Ардагерлер Кеңесінің                                                      полковник  

Төрағасы                                                                               Уалихан Адаев 

13-қаңтар 2023 ж.