ҚАЙСАР АЗАМАТТЫ ҚОЛДАЙЫҚ

460


✅ Қандай-да бір үлкен іс бастағанда ,,оңынан болсын” деп бата беріп жатады. Үлкендердің батасын алып, жақсылардың қолдауымен көштен қалмай келе жатқанда ,,әттегенайлардың” кездесетіні өкінішті.
Алайда “алған бетімнен қайтпаймын” деп өз ісінің дұрыстығын дәлелдеп,алға ұмтылатын қайсар азаматтар бар.
✅ Сондай жанның бірі — Шымкент қаласы, №11 сайлау округі бойынша қалалық мәслихат депутаттығына үміткер Қанжігіт Ғани Қанжігітұлы.
✅ ,,Болар елдің баласы бірін-бірі батыр дейді”. Әттең аламанда оза шауып келе жатқан тұлпардың аяғынан шалып қалғаны адамгершілікке сын. Десе де соңғы сәтке дейін күресіп, өзін ақтап, жақтастарына дәлелдегені — азаматты қайрай түспесе, құлата қойған жоқ, ал әділ соттың оң шешім шығарғаны — еңбегін жоққа шығармағаны, әділдікті дәлелдегені. “Аққа құдай жақ” деп осындайда айтылса керек.
Ендеше, еңбегіңізді бағалайтын жандар сізді қолдауға дайын!!!

Несібелі Иманқұлова
Журналист