Ғ.Қанжігіт: “БАСТЫ МІНДЕТ ЕЛ СЕНІМІН ЖОҒАЛТПАУ”

655

Арыстанбабта туған арда азаматты Алла сақтаған екен! Олай деуіміздің себебі Шымкент қаласының №11 бірмандаттық сайлау округі бойынша депутаттығына кандидат ҚАНЖІГІТ ҒАНИ ,,менде өз үлесімді қосайын” деп халыққа бағдарламасын баяндап, елмен етене араласып, маңызды мәселерімен танысып келе жатқанда ,,ісінен кінәрәт” тауып, кандидаттықтан алып тастау күтпеген жағдай болды. Ойлануға уақыт жоқ, іс насырға шабайын деді. Ендігісін ең болмағанда халық алдында өзінің ақ екенін дәлелдеп, ел сенімін жоғалтпау еді!
Ал саяси додада негізгі мақсат та — ел сеніміне ие болу емес пе?!
Сонымен, санаулы уақыт қалғанда әділ шешім шығып, кандидаттың кінәсіздігіне куә болған көпшілік енді сайлау кезінде мол үміт күтеді!
Автор: Замира Берсугурова