ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА САЙЛАУ КҮНІ 86 СӘБИ ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ
Сайлау күнінде Түркістан облысы бойынша 86 нәресте дүние есігін ашты.
Түркістан облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының хабарлауынша, барлығы 85 ана босанып, 86 нәресте дүние есігін ашқан. 52 ер бала, 34 қыз, оның ішінде 1 егіз дүниеге келді.
Бүгінде аналар мен сәбилердің денсаулығы жақсы.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі